Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

Басшылығы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық ұланы Әскери институтының бастығы
генерал-майор
Әбжанов Бауыржан Садықұлы 00

 1968 жылы 10 сәуірде Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола) Еңбекшілдер ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген.
001990 жылы КСРО ІІМ Новосибирск жоғары әскери командалық училищесін, 1998 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны үздік, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының академиясын, 2013 жылы Мәскеу қаласында үздік бітірді.
00Взвод командирінен бастап өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысына дейін офицерлік мансабының барлық сатыларынан өтті. Әскери институтқа тағайындалғанға дейін 2016-2018 жылдары ҚР Ұлттық ұланы Әскери Кеңесінің хатшысы-инспекторлық – талдау басқармасының бастығы болды.
00Генерал-майор Б.С.Әбжанов саяси ғылымдарының кандидаты. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Штаб бастығы — Әскери институт бастығының
бірінші орынбасары
полковник
Сағындықов Ілияс Ниязұлы
001975 жылы 09 наурызда Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы Сырдария қаласында дүниеге келген.
001996 жылы Өзбекстан Республикасы ІІМ Ташкент жоғары әскери-техникалық училищесін бітірген. Офицерлік мансабын 7543 әскери бөлімінің (Ташкент қ.) байланыс торабы взводының командирі, взвод командирі және осы бөлімнің жеке құрамымен жұмыс жөніндегі құрметті қарауыл ротасы командирінің орынбасары болып бастады.
001998 жылы Тәуелсіз Қазақстанның Ішкі әскерлерінде командалық және басқару құрам лауазымдарында, тактикалық буында взвод командирінен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы жауынгерлік даярлық Бас басқармасының бастығына дейін қызметін жалғастырды.
002005 жылы Ұлттық қорғаныс университетін (Щучинск қ.) бітірді. 2016 жылдан бастап Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының тыңдаушысы болды. Қазақстан Республикасының ведомстволық және мерейтойлық наградаларымен марапатталған.
004 қыз тәрбиелеп отыр.
Әскери институт бастығының орынбасары
(оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі) 
полковник
Корнилов Александр Александрович00
06 наурыз 1977 жылы Жамбыл облысының Шу қаласында туған.
1998 жылы Алматы Жоғары шекара командалық училищесін аяқтаған. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін аяқтаған.
Әскери ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент).
Әр түрлі жылдары Әскери институтта және Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде взвод командирі, курстық офицер, курс бастығы, оқу батальоны командирінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары, оқытушы, аға оқытушы, кафедра бастығы болып қызмет атқарған.
Қазақстан Республикасы Әскери ғылымдары Академиясының мүше-корреспонденті болып сайланған.
Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отыр.
Әскери институт бастығының орынбасары
(тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі)  
полковник
Имиров Савердин Карлович 
001967 жылы 8 қыркүйекте Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында дүниеге келген.
001988 жылы КСРО ІІМ Новосибирск жоғары әскери командалық училищесін бітірді. Офицерлік мансабын КСРО ІІМ Ішкі әскерлерінің арнайы бөлімдерінің Мәскеу дивизиясында взвод командирі, кейін рота командирінің саяси бөлім бойынша орынбасары болып бастаған.
001992 жылдан бастап Тәуелсіз Қазақстанның Ішкі әскерлерінде командалық және басқару құрамы лауазымдарында, тактикалық буында: рота командирінің Т және ӘҚЖ жөніндегі орынбасарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Т және ӘҚЖ Бас басқармасының бастығына дейін әскери қызметін жалғастырды.
002012 жылы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери университетін үздік бітірді. Әскери институтқа тағайындалғанға дейін 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары болды. «Шекараның және жергілікті қақтығыстардың Тәжік-Ауған аумағындағы ТМД сыртқы шекараларын күзетуге қатысушы-ардагерлер одағы» РҚБ мүшесі.
002 дәрежелі «Айбын» орденімен, Қазақстан Республикасының 15 үкіметтік, мерейтойлық және ведомстволық наградаларымен марапатталған.
00Екі ұл тәрбиелеп отыр.
Әскери институт бастығының орынбасары
(техника және қару-жарақ жөніндегі)  
подполковник
Гадбуллин Азамат Айдарұлы
001981 жылы 15 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
002002 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесін бітірген. Офицерлік мансабын 6655 әскери бөлімінің (Ақтөбе қаласы) РМТО автотехникалық қамтамасыз ету взводының командирі болып бастады. 2002 жылдан бастап взвод командирінен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығының техника және қару-жарақ басқармасының автобронетанктік техника бөлімінің қызмет (бронетанктік) бастығына дейін басшылық лауазымында қызмет атқарады.
002013 жылы Ресей Федерациясы ҚК жалпы әскери академиясын автомобиль техникасы мамандығы бойынша бітірді.
00Үйленген, 2 ұл және 2 қыз тәрбиелеп отыр.
Әскери институт бастығының орынбасары (тыл жөніндегі)
подполковник
Қажыбаев Қуаныш Азамханұлы
001980 жылы 20 қыркүйекте Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Айыртас ауылында туған. 1987-1997 ж.ж. Қарағанды облысы Балқаш қаласының А. Құнанбаев атындағы № 2 орта мектепте оқыды.
001998-2002 ж.ж. ҚР ІІМ ІӘ Петропавл жоғары әскери училищесінде оқыды. 002002 жылы Қарағанды қаласының 6800 әскери бөлімі командирінің қарамағында болды.Павлодар қаласында 6679 әскери бөлімінің азық-түлік қызметінің бастығы қызметін атқарды. Кейін Курчатов қаласында 3514 әскери бөлімінің ВХД бастығы болып қызмет атқарды.
002009-2011 жылдары Павлодар қаласында 5512 әскери бөлімі командирінің тыл жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. Одан әрі Алматы қаласының 7552 әскери бөлімі командирінің қарамағында болды, Санкт-Петербург қаласында армия генералы Хрулев атындағы тыл және көлік академиясының тыңдаушысы болды.
002012 жылы Алматы облысы, Қаракемір кентінде 6654 әскери бөлімінің тыл жөніндегі бөлім командирінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
002018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ұлттық ұланы Әскери институты бастығының тыл жөніндегі орынбасары.
00Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
 

 

Добавить комментарий

© 2018 Frontier Theme