Талапкерге

Ұлттық ұлан Академиясының проморолигі

 роликті шығару

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ АКАДЕМИЯСЫНА 

ҚАБЫЛДАУ ШАРТЫ

Академия жоғары білім беру бағдарламасын оқытуды 4 жыл мерзімінде жүзеге асырады.
Оқу мерзімі бойы курсанттар үш мезгілді тегін тамақтанумен, ақшалай үлес, киім-кешек жабдығымен, қажетті оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етіледі. Жылсайын емтихан мен сынақтарды сәтті тапсырған курсанттар мен тындаушыларға (жазда 30 тәулікке және қыста 14 тәулікке) каникулдық демалыс беріледі. Жазғы кезекті демалысқа барып келу жолақысы тегін. Демалыс және мереке күндері Академияның жатын жайынан сейілдеме кесте бойынша беріледі.
Академияға оқуға түскендермен, курсанттар тізіміне енгізген соң, оқу мерзімі және әскери қызметті өтеу туралы әскери оқу мекемесін аяқтағаннан кейін күнтізбелік есепте он жылға келісімшарт жасалады.
Академия түлектеріне “лейтенант” әскери атағы беріледі, білім беру бағдарламасына сәйкес әскери іс және ұлттық қауіпсіздік бакалавры академиялық дәрежесі, жоғары әскери оқу орнына яқтағаны туралы диплом және белгілі үлгідегі кеуде белгісі табыс етіледі. Академияның түлектері әрі қарай қызметті өтеу үшін Қазақстан Республиқасының облыс орталықтары мен қалаларында орналасқан Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріне және Қазақстан Республикасының басқа да әскери құрылымдарына жіберілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясы мынадай мамандықтар бойынша Ұлттық ұланның офицерлерін дайындайды:
1) ұлттық ұланға тактикалық басшылық;
2) тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарға тактикалық басшылық;
3) әскелерді инжинерлік-техникалық қамтамасыз етуге тактикалық басшылық;
4) әскерді ракета-артиллериялық қамтамасыз етуге тактикалық басшылық;
5) ұлттық ұланды автомобильдік қамтамасыз етуге тактикалық басшылық;
6) ұлттық ұланды тылмен қамтамасыз етуге тактикалық басшылық;
7) әскердің команда тактикалық байланысы.
Академияға оқуға түсуге:
1) əскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма екі жастан аспаған азаматтардың;
2) əскери қызмет өткерген азаматтардың жəне мерзiмдi əскери қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшілердің оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін;
3) жиырма бес жасқа толғанға дейін келісiмшарт бойынша əскери қызмет өткерiп жүрген əскери қызметшiлердің құқығы бар.
Академияға азаматтарды қабылдау Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің әскери, арнайы оқу мекемесі оқуға қабылдау Ережесіне, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен бекітілген жоғары білім беру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінде 2016 жылғы 24 ақпандағы № 13199).
Академияға түсуге қалауы барлар азаматтық жастар санатынан тұратын тұлғалар өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери бөлімдеріне 1 маусымынан кешіктірмей өтініш жазады, өтінішінде тегі, аты, жөні, (бар болған жағдайда) туған жылы, білімі, әскери оқу мекемесінің атау және қандай мамандық бойынша білім алғысы келетінін жазуы тиіс.
ҚР ІІМ ЖОО түсу үшін үміткерлер ұсынатын құжаттардың тізімі:
  1. Өтініш (Ұлттық ұлан мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының атына).
  2. Жеке куәліктің, туу туралы куәліктің, әскери билет немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркеу куәлігінің, оқуға түсетін кандидаттың білім туралы құжатының көшірмелері.
  3. Үлгерімдік табельдің көшірмесі немесе сынақ кітапшасының көшірмесін (білім беру ұйымдарындағы білім алушылар үшін).
  4. Сауалнамалық мәліметтер — 2 дана.
  5. Өмірбаян (басып шығарылған және өз қолымен жазылған) — 2 дана.
  6. Оқу (қызмет, жұмыс) орнынан мінездеме.
  7. Салық органының жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны қабылдағаны туралы анықтамасы.
  8. Сотталғандығы және сотталмағандығы туралы анықтама.
  9. Жеке куәлігінің және жақын туыстарының туу туралы куәліктерінің көшірмелері (ата-аналар, асырап алушылар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-қарындастар).
  10. 3х4 см өлшемдегі фотосурет — 6 дана.
  11. Әскери қызметті атқаруы туралы келісімшартты жасауға заңды өкілдерінің нотариалды куәландырылған келісімі (кәмелетке толмаған кандидаттар үшін).
Білімі туралы, туу туралы куәлігі, жеке куәлігі (паспорт), әскери билет (тіркелу куәлігі) және ҰБТ тапсыру нәтижесінің сертификаты сол секілді жеңілдіктерге құқығы барлар, Академияға келу бойынша ұсынады.
Оқуға түстетін үміткерлердің оқу ісітері оқуға түсетін жылы 20 шілдеден кешіктірмей Академияның қабылдау комиссиясына келіп түсуі қажет.
Оқу ісінде міндетті түрде болуы тиіс: арнайы тексеррнайы тексеріс материалдары (туыстарына сотталуы туралы ТБ және ШҚБ белгісі талаптары үміткерлерге Бас прокуратурасы СЕ ШБҚ белгісімен сұранысымен) және әскери тергеу комиссиясының қорытындысымен медициналық куәләндіру картасы (ӘДК).
Үміткерлер оның оқу ісін қалыптастыруды жүзеге асыратын кадрлық органдардың жазбаша ескерту хаты бойынша конкурстық іріктеуден өту үшін оқу үшін келеді. Академияға түсу үшін келетін үміткерлерді тегін үш мезгіл тамақ және жатаханамен қамтамасыз етіледі.
Өздерімен бірге үміткерлерде жеке заттары, спорттық киімі, аяқ-киімдері болуы тиіс.
Әскери оқу мекемесіне қабылдау конкурстық негізінде 4 кезеңде жүзеге асырылады:
1 кезең – үміткерлерді толық медициналық куәләндіру ӘТС Ережесіне сәйкес оқуға;
2 кезең – кәсіби және психологиялық іріктеу;
3 кезең – физикалық көрсеткіштері бойынша іріктеу;
4 кезең – конкурстық іріктеу және әскери оқу мекемесіне қабылдану.
ҰБТ келесі білім беру пәндері бойынша өткізіледі:
1 блок – Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы (оқыған тілінде);
2 блок – «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелді) 5-қосымшаға сәйкес кез-келген нұсқадағы екі бейіндік пән (шығармашылық емтиханнан басқа).
ҰБТ нәтижесі бойынша 50 балдан кем алса немесе қандай бір пәннен 5 балдан төмен алса, үміткер конкурсқа қатыстырылмайды.
Академия курсанттарының санатынан үміткерлерді қабылдау ЖОО қабылдау комиссиясы конкурстық негізінде  оның рейтингісіне сәйкес, ҰБТ балдарын қосқанда жиынтығы және физикалық даярлығы бойынша орташа балымен есептеледі.
Конкурс өткізу кезінде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда қабылдануға төмендегі санаттағылар қабылдануға құқығы бар:
  1. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
  2. Әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарының түлектері.
  3. Қызмет өткеру уақытында қаза болған, хабарсыз кеткен немесе әскери қызмет өткеру кезеңінде мүгедектік алған әскери қызметшілердің балалары.
  4. «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдар.
  5. Тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылда жалпы білім беретін пəндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылардың республикалық жəне халықаралық конкурстарының жəне спорттық жарыстардың бірінші — үшінші дəрежелі дипломдармен наградталған жеңімпаздарының, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың немесе конкурстың пəніне сəйкес келген жағдайда, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пəндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының бірінші — үшінші дəрежелі дипломдармен наградтталған жеңімпаздарының басым құқығы бар.
Әскери институт мына мекенжай бойынша орналасқан:
150009, Солтүстіқ Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Жәлел Қизатов көшесi, 6 үй. «Ұлттық ұлан Академиясы» аялдамасына дейiн темiржол вокзалынан №25, 27 автобустармен, №5М маршруттық таксимен, ал қала орталығынан №4А, 8М автобустармен жетуге болады.

электрондық мекенжайымыз: info@vivv.kz.

Инстаграмм:  v.i.n.g_rk

Добавить комментарий