Ұлттық ұлан

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы

1992 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскері құрылды. 2014 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскері Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта құрылуын ұйымдастырды.

2015 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» Заңына қол қойды. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Қазақстан Республикасының Ішкі істер органының бірыңғай жүйесіне кіреді, яғни жеке адам мен азаматтың конституциялық құқығы, қауіпсіздігі, қоғам құндылықтары, мемлекет тұрақтылығы мен тыныштығын қауіп-қатерлерден қорғау.

Ұлттық ұланының арнайы туы мен нышаны бар. Ұлттық ұланының жоғары әскери оқу орны, әскери бөлімдер және өңірлік қолбасшылықтар өздерінің белгіленген бір үлгідегі Жауынгерлік тулары бар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының нышанында күн сәулесі бейнеленген. Күн сәулесінің астында қаңаты жайылған қыран бейнесі (Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының элементі) сарғыш алтын түсті, күн сәулесі үстінде қою қызыл түсті қолында ту ұстаған салт атты тұр. Күн сәулесімен қыранның ортасында қазақ тілінде «ҰЛТТЫҚ ҰЛАН» деген сары түсті жазу бар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының нышаны

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының нышанында күн сәулесі бейнеленген. Күн сәулесінің ортасында шаңырақ тұр (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының элементі), ал күн сәулесінің астында қаңаты жайылған қыран бейнесі (Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының элементі) сарғыш алтын түсті, күн сәулесі үстінде қою қызыл түсті қолында ту ұстаған салт атты тұр. Күн сәулесімен қыранның ортасында қазақ тілінде «ҰЛТТЫҚ ҰЛАН» деген сары түсті жазу бар.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының туы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының туы көк түсті тік төрт бұрышты бейнелейді. Ортасында Ұлттық ұланының нышаны орналасқан. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының нышанында күн сәулесі бейнеленген. Күн сәулесінің ортасында шаңырақ тұр (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының элементі), ал күн сәулесінің астында қаңаты жайылған қыран бейнесі (Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының элементі) сарғыш алтын түсті, күн сәулесі үстінде қою қызыл түсті қолында ту ұстаған салт атты тұр. Күн сәулесімен қыранның ортасында қазақ тілінде «ҰЛТТЫҚ ҰЛАН» деген сары түсті жазу бар. Тудың ені және ұзындығы – 1:2.

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әнұранының мәтіні

ЕЛДІҢ ҚОРҒАНЫ

 

Сөзі: Ерғожа Тлепбердиевтікі

Әні: Ахмедия Есмұқановтікі

1.Сапарға шыққан,ұлын сынаған,

Күлімдей тұрып қимай жылаған.

Тапсырып ұлын сол қара жолға да,

Тәңірден ана ақ жол сұраған.

Қ-сы:

Шақырған бізді баба жолдары,

Ұлттық ұлан қайсар ұлдары.

Құрыштай  білек,тайсалмас жүрек.

Қаһарман батыр,елдің қорғаны.

Қаһарман батыр,елдің қорғаны.

2.Тұлпарға мініп,тұяғы мықты,

Бақыт жолына қазағым шықты.

Алақан жайып ақсақалдары да,

Батасын беріп қырқаға шықты.

3.Ақсұңқар менен, айға ұшу деген,

Еліне ерте ақ жол тілеген.

Шуақты ұлдың көк туы  астында,

Бостандық құны бақыт тілеген.

 Тыңдау

Аудиозапись: Adobe Flash Player (версия 9 или выше) требуется для воспроизведения этой аудиозаписи. Скачать последнюю версию здесь. К тому же, в Вашем браузере должен быть включен JavaScript.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.


− 2 = два