Академия тарихы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесін құру туралы қаулыны 1997 жылы 18 наурызда қабылдады.
997 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев Жауынгерлік Туды тапсыру барысында: «Мен солтүстік климаттық жағдайда тәрбиеленген және білім алған курсанттар нағыз әскери шыңдалудан өтіп, болашақта Қазақстан Республикасы Ішкі Әскерлерінің жаңа офицерлік құрамының негізін құрайтынына сенемін» деп үкілі үміт артқан болатын. Петропавл қаласында жоғары әскери училищесін құру туралы шешімнің мемлекет үшін стратегиялық мәні жоғары болды.

 

 

 

 

Академияның тарихын шартты түрде 4 кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең (1997 – 2001 жылдар). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 наурыздағы № 349 қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлерінің жоғары Әскери училищесінің құрылуы негізгі өзек болды.  Бұл кезең оқу орнының құрылуы мен қалыптасуы, білім беру әрекетінің құрылуы, курсанттарды алғаш қабылдау, алғаш рет табалдырық аттаған курсанттардың ант қабылдауымен тығыз байланысты. Осы кезеңдегі басты нәрсе – барлығының да алғаш рет болуы. Алғашқы курсанттар, бірінші оқытушылар және алғашқы түлектер. Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығымен офицерлердің алғашқы шығарылымының тұспа-тұс келуі оқиғаға үлкен серпін берді.

2001 жылы жоғарғы оқу орнында офицерлердің біліктілігін арттыру факультеті құрылды, бүгінгі күнге дейін Ұлттық ұланның 2000 әскери қызметкері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 600 жуық қызметкері кәсіби қайта даярлықтан өтті.

1997 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев училищеге Жауынгерлік Ту мен Грамотаны табыстады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 наурыздағы № 348 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ішкі әскерлерінің Әскери институты болып қайта аталды, ал Мемлекет басшысының 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 807 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Ішкі әскерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.02.2022 жылғы №48 қаулысымен ҚР Ұлттық ұланының Әскери институты ҚР Ұлттық ұланының Академиясы болып қайта құрылды.


Екінші кезең (2002 – 2009 жылдар) ел тәуелсіздігінің екінші онжылдығымен және елде, соның ішінде, әскери құрылыс және білім мен ғылым саласында болған реформалармен байланысты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ішкі әскерлерінің жоғары Әскери училищесі 2009 жылдың 17 наурызындағы № 346 қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ішкі әскерлерінің Әскери институты болып өзгертілді.

Аталған кезеңде жоғарғы оқу орнының білім беру әрекеті заңнамалық актілерге сай келтірілді. Осы кезеңді өсу кезеңі және күш жинау уақыты; ұлттық білімді реформалау мен жаңғырту, сонымен қатар, әскери білімді; инновациялық технологияны енгізу; оқу-тәрбие үрдісін өзгеріп жатқан оқиғаларға, Ішкі әскерлерге, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасына жүктелген жаңа міндеттерге сәйкестендіру сынды жұмыстар жүргізілді.

2006 жылы Академия Қазақстанның педагогика ғылымдары академиясының ұжымдық мүшелігіне сайланды.

Үкіметаралық келісімге сәйкес 2009 жылдың қыркүйегінен әскери оқу орны базасында Қырғызстан және Тәжікстан ішкі әскерлері үшін кадрлар дайындығын жүзеге асырады. Сонымен қатар, біздің жоғарғы оқу орнының тарихында қазақ тілінде оқытылатын оқу топтарының ашылуы маңызды оқиға болды.

Үшінші кезең (2010 – 2015 жылдар) Қазақстанның жаңа әлемде стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруымен, әлемдегі бәсекеге қабілетті                 50 елдің қатарына енуімен байланысты. Академияда басты назар инновациялық технологияларға аударылды, оқу үрдісін ақпараттандыру белең алды. 2012 жылы Академияның білім беру жүйесіне оқытудың кредиттік жүйесі (кредиттік технология) енгізілді.

2013 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті қаржысының есебінен ғылыми және ғылыми-техникалық әрекеттің субъектісі ретінде аккредитацияланды.

2014 жылдан Қазақстанның әскери ғылымдары академиясының филиалы жұмыс істейді. Академияның бірнеше ғалымдары Қазақстан мен Ресейдің әскери ғылымдары академиясының, Қазақстанның педагогикалық ғылымдары академиясының профессоры, тілші мүшелері және толық мүшелері (академиктері) болып сайланды.

Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау жүйелі түрде қолға алынды. Курсанттардың патриоттық тәрбиесіне басты назар аударылды. Халықаралық байланыстар кеңейді.

Төртінші кезең (2016 жылдан бүгінгі күнге дейін) Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен байланысты. Академия білім берудің жаңа стандартына көшті. Жоғары әскери оқу орны үшін 2017 жыл аса маңызды жыл, өйткені Академияға 20 жыл! Бұл кезең Қазақстанның үшінші жаңғыруының негізгі бес басымдығы жүзеге асуымен байланысты. Бұл кезеңде Академияда білім беру жүйесінің сапасы, кадрлар құрамына бақылау мен талапты нығайту, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен білім беру бағдарламасы деңгейі сияқты мәселелерге басымдық беріледі.

Академияның оқу мерзімі 4 жылға шақталған 7 мамандандыру бойынша «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандығына дайындау бағыты бойынша жоғары білім саласында білім беру әрекетін жүргізу құқығын беретін мемлекеттік рұқсатнамасы бар.

Академия өзінің дамуы кезеңінде 21 шығарылымды жүзеге асырды, соның ішінде, бесінші халықаралық шығарылым болды. Әскерге 3900 астам офицер жіберілді, оның ішінде, 270-і үздік бітірсе, 49-і «Әскери жоғарғы оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгісіне ие болды. Олардың аты-жөндері Академияның құрмет тақтасына енгізілген.

Қазіргі кезде Академияда зор өмірлік және қызметтік-жауынгерлік тәжірибеге ие жоғары кәсіби ғылыми-педагогикалық, басшылық және профессорлық-оқытушылар құрамы қалыптасты, материалдық база құрылды.

2003, 2008 және 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізген Мемлекеттік аттестацияны Академия үш мәрте табысты өтті. 2011 жылдың қыркүйегінде Академия Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кешенді тексеруінен өтті, тексеріс қорытындысы бойынша білім беру және қызметтік іс-әрекетіне оң баға берілді.

Оқу-тәрбие үрдісі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және мамандықтардың оқу жоспарлары, курсанттардың жеке оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.

Далалық шығулар, сабақта оқу орталығына бару, сондай-ақ түнгі уақытта практикалық жүргізудің барлық элементтерін өңдеу, жергілікті жерге бағдар жасау, оқу атыстарының жаттығуларын орындау уақытылы жүргізіледі. Кешенді тақырыптар бойынша тактикалық оқулар жүргізіледі. 3 курс курсанттары «ВС» санатты жүргізуші куәлігін алады.

Теориялық білімдерін бекіту және практикалық машықтану мақсатында курсанттар Петропавл қаласының базалық әскери бөлімінде тағылымдамадан өтеді, қарауыл бастығы мен олардың көмекшілерінің міндеттерін орындайды, аптасына екі рет Ішкі істер органдарымен бірлесе отырып қоғамдық тәртіпті күзету бойынша патрульды-посттық қызмет атқарады.

Жоғары оқу орнының білім беру құрылымы Ұлттық ұлан офицерлерін дайындаудың өзіне тән белгілерін есепке ала отырып, білім беру мен ғылым саласында еліміздің нормативті құқықтық актілері талаптарына сәйкес оқу жұмыстарының мазмұнын анықтайтын және олардың арақатынасын, мөлшері мен есебін көрсететін әр түрлі оқу жұмысының түрлерінен тұрады.

Білім беру бағдарламасының мазмұны: жалпы білім беретін, базалық және бағдарлы пәндердің циклін оқытатын теориялық оқу; оқытудың қосымша түрлері: кәсіби тәжірибелердің әр түрлі түрлері, дене шынықтыру дайындығы және басқалары; аралық және қорытынды аттестаттау.

Офицерлерді дайындаудың тәжірибе бағытының тиімділігін арттыру үшін білім беру бағдарламасы сәйкес білім, білік, машық және құзіреттілікті  қалыптастыратын пәндер жүйесін оқыту бойынша келесі модульдарға сәйкес дайындық деңгейі бойынша жобаланады: («Ұлттық ұланға тактикалық басшылық» мамандандырылу үлгісінде):

— 1 курста – курсант пән негіздерін оқиды және жауынгердің (сақшының, патрульдің, бақылау бойынша бақылаушының) машықтарын қалыптастырады;

— 2 курста – бөлімше командирі, взвод сержанты, әскери жасақ бастығы, қарауыл бастығы ретіндегі курсанттың дайындығы жүзеге асырылады;

— 3 курста – взводтың ҚЖӘ орындауды ұйымдастырылуы, взвод тактикасы оқытылады, взвод командирі, әскери жасақ бойынша кезекші лауазымындағы дайындығы жүзеге асырылады;

— 4 курста – ротадағы ҚЖӘ ұйымдастырылуы, рота тактикасы оқытылады, рота командирі лауазымындағы (ТжӘҚЖ бойынша рота командирінің орынбасары, қызмет бастығы) дайындығы, батальонның ҚЖӘ ұйымдастырылуы, батальон тактикасы бойынша тақырыптар таныстыралады.

Әрбір курста сәйкесінше оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесі оқытылады; курсанттарға оқытушының жетекшілігімен сабақ жүргізіледі, содан кейін жетекші ретінде өздері де сабақ жүргізеді (тағылымдамада, тәжірибеде, кіші курстарда, базалық әскери бөлімдерде).

Тактикалық, атыстық және дене шынықтыру дайындығынан Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеті бойынша пәндерді оқыту жоғарыда көрсетілген модульдық жүйеге сәйкес тәртіппен барлық төрт курста жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламасы офицерлерді дайындаудың тәжірибелік бағытын арттыруға құрылған. Оқытудың пәндері бойынша (жалпы білім беретін пәндерді есептемегенде) сабақтардың басым бөлігі жылдың кез келген мезгілінде және ауа райының кез келген жағдайында оқу орталығында және ӘТҚ  пайдалану арқылы әскери атыс алаңында өткізіледі.

Оқу жоспарларында және білім беру бағдарламаларында далалық шығу және оқу, әскери жасақтың, бөлімшелердің және взводтардың жауынгерлік атыстары, оқу-имитациялық және ұрыстық граната лақтыру, роталық тактикалық  оқулар, батальондық тактикалық-арнайы оқулар.

Әскери-қызметті қолдану тактикасы, ату мен тактикалық дайындық, автомобиль мен әскери машиналарды жүргізу сабақтарының 25 % түнгі уақытта өткізіледі.

Оқу үрдісінде жаттығу жұмыстары маңызды орын алады. Ату, саптық, РХБҚ жаттығуларымен қатар белсенді қорғаныс пен жеке қорғаныш құралдарымен жаттығулары енгізілді. Бұл жаттығулар барысында жеке дағдылары ғана емес, сонымен қатар тактикалық әрекеттері мен әскери тәртіп элементтерін басқару дағдылары үйретіледі.

Кредиттік оқыту технологиясының енгізілуі мен әскери пәндердің сағаттары көбейтілгелі оқу үрдісі тәжірибелік бағытта жақсы дами бастады.

Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің тәжірибелік бағытында кәсіби және өндірістік тәжірибелер (тағылымдамалар) негізгі орын алады. Оқу барысында жоспар бойынша барлығы үш тәжірибе:

— жауынгерлік қарауыл қызметін атқару, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік жасақ пен ТМ бақылау қызметін атқарудың ұйымдастырылуы және ерекшеліктерімен танысуы бойынша 2 және 3 курста оқу тәжірибесі 2 кредиттен тұрады;

— взвод сержанты және бөлімше командирі лауазымдары бойынша 3 курстан кейін өндірістік тәжірибе 2 кредиттен тұрады. Биыл Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының шешімі бойынша бұл тәжірибе Астананың жедел бригадасында өткізілді. Бұл курсанттардың әскери дайындық жүйесінде сабақ өткізуіне, бағыныштыларымен жеке тәрбие жұмыстарын жүргізуіне тәжірибелік бағытта үлкен септігін тигізді. Болашақ тәрбиеші мамандары взвод командирлерінің лауазымдарында, ал арнайы мамандар арнайы қызметтің кіші лауазымдарында тағылымдамадан өтеді;

— взвод командирі, ТжӘҚЖ бойынша рота командирінің орынбасары, сәйкес келетін қызметтің бастығы лауазымдары бойынша 4 курстан кейін өндірістік тәжірибе 2 кредиттен тұрады.

Бұл тәжірибелермен қатар әскери базалар мен мемлекеттік қорғаныс тапсырыс мекемелерінде арнайы мамандардың өндірістік тәжірибесі қарастырылған.

Академия мен бөлімдерде өткізілетін тағылымдамаларды қорғау мен қорытындылау маңызды болып келеді. Қорғаудан кейін ғылыми конференция өткізіледі. Мұндағы басты мақсат – қорытынды шығару, қорытынды бойынша талдау жасау, шығынды анықтау және бақылау мен өткізу әдістерін жүзеге асыру болып табылады. Онлайн тәртібінде, жұмыстың барлық кезеңдерінде Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының офицерлері қатысады. Академияда үш кітапхана: оқу, көркем және режимдік. Кітапханалық қор мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес бір білім алушыға 140 дана, сондай-ақ, жыл сайын оқу орны  басып шығаратын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен толығып тұрады. Оқу залы компьютерлермен қамтамасыз етілген. Компьютерлер жергілікті торапқа қосылған. Осының негізінде электрондық кітапханаға кіруге мүмкіндік жасалған. Электронды кітаптарды оқуға да мүмкіндік жасалған.

Жеке веб-сайт пен білім порталы бар. Жергілікті торап пен Internet желісі орнатылған және тиімді қолданылады.

«Ғылым туралы» заңнамаға сәйкес еліміздің Ұлттық қорғаныс университеті мен Шекаралық қызмет академиясында докторантура және магистратурада, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының академиясының адъюнктурасында ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау басымдылықтары анықталған. Келісілген Меморандум негізінде Омбы мемлекеттік педагогикалық университетімен ынтымақтастық жүргізілуде.

Жыл сайын Қырғызстан, Беларусь, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы әскери бөлімдерінің және басқа әскери жоғарғы оқу орнының ғалымдары мен әскери мамандарының қатысуымен халықаралық ғылыми конференция өткізіледі. Ресей Федерациясы Ұлттық ұланы әскерлерінің Новосібір, Пермь және Санкт-Петербург институттарының ғалымдары мен педагогтары белсенді қатысады.

Институттың профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми зерттеулерінің қорытындылары «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясының Жаршысында» жарияланады, басылым 2011 жылдан бастап тоқсан сайын шығарылады.

Курсанттардың әскери-ғылыми бірлестігі білім алушылардың 73 % құрайды. Жыл сайын курсанттар Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарының арасында өткізілетін үздік ғылыми жұмысы сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанады.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы бұйрығы бойынша жыл сайын үш кезеңнен тұратын (кафедра, батальон – Академия – бас қолбасшылық) «Жылдың үздік курсанты» сайысы өткізіледі. Үздіктер марапатталады. Сондай-ақ, Академияда үздік оқытушы, үздік оқу-әдістемелік әдебиет, үздік сынып байқаулары өткізіледі. «Курсанттардың оқытушыларды бағалауы» рейтингтік зерттеуі және т.б. өткізіледі.

Оқыту үрдісінің бір бөлігі курсанттарды тәрбиелеу болып табылады. Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жеке құрамды Қазақстан Республикасының заңдарын және Ата Заңын құрметтеуге, әскери тәртіпті ұстануға, әскери ұжымда бірлікте болуға, қойылған міндеттерді моральдік және психологиялық дайындықта орындай білуге, оқу-тәрбиелік үдерісті жетілдіруге бағытталған.

Академия курсанттарын тәрбиелеу оқытудың барлық кезеңінде тәрбиелеудің кешенді жоспарының негізінде оқу үрдісімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық идеяны ұстану, мемлекетті, қоғам мен жеке тұлғаларды қылмыс және басқа да құқық бұзушылық әрекеттерден сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындауға дайын болуы негіз болып табылады.

Кешенді жоспар оқу үрдісінің ерекшеліктерін, барлық оқыту кезеңі бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыруы мен әр курста тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру, жоспарлау, жүргізуде оқу бөлімінің офицерлеріне практикалық және әдістемелік қажеттілігін ескере отырып әзірленген.

Негізінде, жоспар болашақ офицерлерді тәрбиелеу мәселелерін кеңінен шешуде, тәрбиелеу мен оқыту үрдісінде кәсіби құзіреттілігі мен сапасын қалыптастыруда басшылықтың, Ғылыми кеңестің, басқарма офицерлерінің, кафедралардың және әскери қоғамдық ұйымдардың бірлескен қызметін көрсетеді.

Бұл мақсатарға жету бірқатар педагогикалық міндеттерді шешумен, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарға басым бағыттар бағыттаумен жүзеге асырылады.

Жоспардағы кешендік принципі оларға тән жұмыстың формасы мен әдістерінің әртүрлілігі негізінде идеялық, патриоттық, адамгершілік, құқықтық, әскери, эстетикалық және дене тәрбиесінің үндесуін көрсетеді.

Басты бағыты болашақ офицерлерді тәрбиелеуде Ұлттық ұланда қызмет етуін мақтан тұту, оның қызметтік-жауынгерлік дәстүрлерін жалғастыруға талпындыру болып табылады.

Кешенді жоспарды дайындау күткен нәтижелерге жетуді көздейді: курсанттардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу, олардың жеке қасиеттерін дамыту; оқу үрдісі ерекшеліктері мен әскери өмірге деген бейімділіктері; курсанттардың оқуға, оқыту бағдарламасын меңгеруге деген ынтасы; әскери ұжымның топтасуы және әскери тәртіпті нығайту; болашақ офицердің қажетті кәсіби құзіреттілігі мен сапасын қалыптастыру Академия мен Ұлттық ұланның келбеті мен беделін көтеруге, әскерлерге жүктелген лауазымдық міндеттерді жауапты орындауға жағдай жасайды.

Академияда клуб пен мұражай, әскери қоғамдық ұйымдар, үйірмелер мен спорт секциялары жұмыстары ұйымдастырылған. ЖОО-да әртүрлі спорт түрлерінен әлем, Еуропа, Азия, Қазақстан, Қарулы күштері және Ұлттық ұлан  чемпиондары оқиды.

Академияның офицерлері мен курсанттары Астанада өтетін шерулерге қатысып, жоғары саптық шеберлік пен ұйымшылдықты көрсетеді.

Өз қызметіндегі басты нәтиже мен бағаны біз түлектерден көреміз. Бүгінгі күні біздің түлектер қызметтерін тек қана Ұлттық ұланда ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында жасақталған басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда, сонымен қоса, күзет мемлекеттік қызметінде, Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметінде өтеп жатыр.

Олардың негізгілері өздерінің лауазымдық міндеттерін рота-батальон-полктарда  атқарып жатыр. Түлектердің басым бөлігі біздің еліміздегі, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасындағы Әскери академияларды бітіріп, аймақтық басшылық орынбасарлары, құрама командирлері орынбасарлары, бөлімше командирлері мен олардың орынбасары қызметтеріне тағайындалған, басқарма, бөлім, аймақтық басқарма мен бөлімдердің бастығы лауазымдары қызметтерін атқарып жүр. Алпыстан астам түлектер қызметтерін арнайы жасақталған «Бүркіт» қызметінде, олардың біразы біліктілік талаптарын ойдағыдай орындап, «күрең беретін» кию құқығына ие болған. Академияда Академияның ондаған түлектері сабақ береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен көрсеткен ерліктері мен жігерлері үшін біздің бірқатар тәрбиеленушілеріміз мемлекеттік марапатпен марапатталған. Көбіне әскери шен алдын ала берілген.

Біздің Академия жалпы көлемі 98,4 га жерді алып жатыр, жер көлемі   61 га оқу орталығы, жалпы көлемі 326 га әскери ату және тактикалық алаңы бар.

2 оқу корпусында 60-тан астам аудитория, 10 арнайы сынып, 4 компьютерлік сынып, 5 зертхана бар. Білім беру қызметін одан әрі дамыту үшін үнемі және жоспарлы негізде оқу-материалдық және техникалық базаны одан әрі дамыту керек. Бұл мәселелерді шешу шынайы, жан-жақты (ұйымдастырылған, қаржылық, материалды, техникалық) негізделген бағдарламасыз мүмкін емес және Академияның даму динамикасын тоқтата тұруы мүмкін.  Осыған байланысты Академияның оқу-тәрбие үрдісін және Ұлттық ұланға білікті офицерлерді дайындап шығаруды жақсарту мақсатында 2017-2020 жылдарға арналған жоспар әзірленген.

Негізгі күш келесі міндеттерді шешуге бағытталған: біліктілік талаптарына сай, жоғары адамгершілік және әскери-кәсіби қасиеттерге ие офицерлерді дайындау; білім беру заңнамасына оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыратын нормативті және құқықтық актілерді тарту; ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау, Беларусь, Ресей, Қазақстанның (келісімшарт негізінде) жоғары әскери оқу орындарында басқару және профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және қайта даярлау (келісімшарт негізінде); институттың білім беру қызметі мен Ұлттық ұлан мүддесінде ғылыми зерттеулер жүргізу; қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу; әскери тәртіпті нығайту; әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскерлер қызметін жандандыру; оқу материалдық-техникалық база нысандарын жабдықтау және салу.

Бағдарламаның міндетін шешу және мақсатына жету келесі бағыттар арқылы жүзеге асуы мүмкін: ұйымдастырушылық-штаттық құрылымды және институттың жинақталуын жеделдету; оқу-тәрбие үрдісінің ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етілуін жандандыру; басқарма және профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және қайта даярлау; оқу үрдісін әрі қарай компьютерлендіріп ақпараттандыру; профессорлық-оқытушылар құрамының еңбегін ынталандыру және жүйелі қолдау; Академияның оқу-материалдық базасын әрі қарай дамыту.

Бағдарламаны дайындау заңдылық, ғылымилық, оқыту мен тәрбие бірлігі, теория мен тәжірибенің үндестігі, «қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға қажетті нәрсеге үйрету» деген әскери дидактиканың басымдықтары негізінде жүзесе асырылады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының үшінші басымдық шартында Ұлттық ұланға қажетті жоғары адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерге ие қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға қабілетті жоғары білікті, бәсекеге қабілетті офицерлерді дайындауда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Академиясы іс жүзінде еліміздің беделді әскери оқу орындарының бірі болмақ.

 

Добавить комментарий