Әскери-ғылыми жұмыс

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының Ғалымдар кеңесі хабарлайды:

 ҚР БҒМ 2011 ж. 31 наурыздағы №128 бұйрығына сәйкес «Қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру ережелерінің» 7 бабы бойынша «қолдау туралы шешім қабылдағанға дейін 1 ай бұрын Ғалымдар кеңесі келесі құжаттарды орналастырады:

  1. Ғылыми атақты ізденуші туралы анықтаманы.
  2. Оның басылымдары тізімін».

Жоғарыда көрсетілгенге негізделе отырып, қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ізденуші, Қазақстан Республикасы  Ұлттық ұланы Әскери институты бастығының (оқу және ғылыми жұмысы жөніндегі) орынбасары, әскери ғылымдарының кандидаты полковник Корнилов Александр Александровичтың құжаттарын орналастырамыз.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының ғалым хатшысы  қызметші  С. Баяхметов

2017 жылғы 25 тамыз

Әскери-ғылыми жұмыс — Әскери институт қызметінің басты бағыттарының бірі.

Жоғары оқу орынның ғылыми жұмысы сапасының деңгейі 2003 жылдан бастап анағұрлым түрде артты: – бөлім офицерлермен және қызметшілермен толық қамтамасыз етілді, сонымен қатар 50 000 баспа парақтарын басып шығару қуаты бар шағын баспаханасы іске қосылған болатын. Бөлім бастығы (ғылыми хатшысы), үш аға офицер, аға ғылыми қызметші, профессор лауазымдарымен қатар аға маман (жауапты орындаушы) және аға маман (аға технигі) сияқты үш лауазым енгізілген болатын.

Бүгінгі таңда әскери-ғылыми бөлім жоғары оқу орнында ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру бойынша жүйелі әрі түрлі жоспарлы  жұмысты жүргізіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының  жетілуі мен дамуы бойынша өзекті мәселелерді шешуіне бағыттайды.

Ғылыми кеңестен басқа профессор-оқытушылар құрамының ғылыми және кәсіби біліктіліктерін  қалыптастыруға, курсанттардың аналитикалық ойлау қабілеттері мен дүниетанымдарының дамуына ықпал ететін ғылыми-техникалық кеңес пен курсанттардың әскери-ғылыми қоғамы жұмыс жүргізеді.

Институттың ғылыми жұмысының негізгі түрлері: күрделі, іздену және қолданбалы теоретикалық зерттеулерді жүргізу; әскерлерде және институтта зертхана жағдайларында, полигондарда, зерттеу  оқу-жаттығуларында жүргізілетін теоретикалық  қорытындылар мен ережелерге  эксперименталды тексерістер жүргізу;зерттеу жұмысының нәтижелерін жалпылау және ұсыныс шығару; басты құжаттардың жобаларын әзірлеп шығаруға қатысу; диссертацияларды, әскери-теоретикалық оқулықтарды, монографияларды, мақалаларды, баяндамаларды, рецензиялар мен тұжырымдарды әзірлеу; ғылыми конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдер мен шығармашылық пікір-сайыстарды дайындап өткізу және нәтижелерін жалпылау; рационализаторлық жұмыс пен өнертапқыштық жұмысты жүргізу болып табылады.

Курсанттардың әскери-ғылыми қоғамының (КӘҒҚ) жұмысы 2008 жылдың 26 қарашасында бекітілген Курсанттардың әскери-ғылыми қоғамы туралы ережесіне сәйкес ұйымдастырылып жүргізіледі. КӘҒҚ мүшелері болып табылатын курсанттар жоғары оқу орындарының студентері арасында өткізілетін алуан түрлі сайыстарына белсенді қатысады. Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындарының тыңдаушылары арасында өткізілетін жыл сайынғы ең үздік ғылыми жұмысы сайысында біздің курсанттар үнемі жүлделі орындарға ие болып отырады.

2011 жылдың шілдесінен бастап «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының Хабаршысы» атты ғылыми — білім беру журналы шығарыла бастады. Аталмыш журнал Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму бойынша министрліктің Байланыс, информатизация және ақпарат комитетінде тіркелген (журнал 2014 жылдың 12 желтоқсанынан қайта тіркелген, № 14996-Ж куәлігі).

Әскери-ғылыми бөлім ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу жөнінен Ресей Федерациясының жоғарғы оқу орындарымен тығыз қарым қатынас орнатқан, бұл — Санкт-Петербург, Новосібір, Пермь ІІМ әскери институттары, Сібір мемлекеттік автомобиль-жол академиясы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ, ТЖМ, ҚМ, ҰҚК барлық ведомстволық жоғары оқу орындарымен өзара әрекеттесу жүзеге асырылады.

 ӘСКЕРИ ИНСТИТУТТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫНЫҢ

НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Әскери институттың ғылыми- зерттеу жұмысы аясында негізгі мақсаттары мен міндеттері болып келесі саналады:

  • фундаменталды, іздену, қолданбалы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды және жаңашылдық енгізу іс-әрекетін жүргізу;
  • ғылыми-педагогикалық кадрлар мен оқушылардың ғылыми зерттеу және шығармашылық жұмыстарын жасау арқылы жаңа білім алу;
  • жоғары білімнің дамуының теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу мен әзірлеу;
  • ғылыми зерттеулер нәтижелерін практикалық іс-әрекетке енгізе жүзеге асыру;
  • ғылыми жұмыс жүргізу мектептерін қалыптастыру әрі дамыту, ғылыми-зерттеу жұмысына профессор-оқытушылар құрамы мен курсанттарды белсенді түрде қатыстыру;
  • заманауи білім беру технологияларын қолдана отыра, дайындықтың өзіндік технологиялары мен әдістемесін әзірлеп жүзеге асыру, білім беру үдерісін ұйымдастырып өткізу;
  • зерттеушілер мен әзірлеушілердің интеллектуалдық меншіктері мен авторлық құқықтарын қорғау;
  • курсанттарды ғылыми-зерттеу және тәжірибе-құрастырушылық жұмыстарына қатысуға тарту;
  • белсенді оқу жұмысының түрлі нысандарын жүргізу, дипломдық және курстық жұмыстарының жобаларын жасау, оқу және өндірістік тәжірибелерін өткізу;
  • оқу және ғылыми үдерістерін компьютерлендіру, бірыңғай ақпарат ортасын қалыптастыру, курсанттардың заманауи әдістерімен және ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізуді меңгеру;
  •  «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының Хабаршысы» журналын шығару.

ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫ

ҒЗЖ институттың толық ставкада жұмыс істейтін барлық оқытушылары қатысуы тиіс.

Институт оқытушыларының ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттары:

  • фундаментальді, ізденушілік, қосымша ғылыми зерттеушілік, тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды жүргізу және жаңашылдық әрекет;
  • оқу үдерісіне ҒЗЖ нәтижелерін енгізу.

Институт оқытушыларының ҒЗЖ жоспарлау мен қорытындысын шығару реті:

ҒЗЖ өткізу үшін бастама құжаттары ретінде зерттеу бағдарламасы немесе оқу құралы, дәріс қолжазбасының жоспар-проспектісі болып табылады.

Зерттеу бағдарламасы:

— ҒЗЖ өткізудің өзектілігі;

— зерттеу жұмысы бағытталған және республика және шет елдерде оның ғылыми жұмыс істеу жағдайлары туралы мәселені шешуге;

— зерттеудің мақсаты мен міндеттері және әдістемесі;

— ҒЗЖ негізгі кезеңдері және оны орындау мерзімдері;

— зерттеулердің ұсынылған нәтижелері және оларды енгізу бағыттарын көрсетуі тиіс.

Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері және оның жеке кезеңдерінің нәтижелері бойынша есеп беру құрастырылады.

ҒЗЖ туралы есеп кафедра отырысында қарастырылады, институт бастығының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары бекітеді.

КУРСАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫ

Курсанттардың әскери-ғылыми қоғамы (әрі қарай – КӘҒҚ) Қазақстан Республикасы ІІМ ІӘ Әскери институты бастығының 2008 жылғы 26 қарашасы №568 бұйырығымен бекітілген КӘҒҚ туралы Ережесі негізінде әрекет етеді.

КӘҒҚ курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу бойынша шығармашылық білімдерін, біліктіліктерін жетілдіруге арналған және де ІІМ Ішкі әскерлерінің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекет нәтижелілігін өзекті сұрақтардың шешімін табуға септігін тигізеді.

Курсанттардың зерттеу жұмыстарының мазмұны Ішкі әскерлердің дамуы, олардың іс-әрекетінің тактикасы, кафедралар мен оқу бөлімшелерінің оқу және ғылыми жұмысы, институттың бағдары мен Ішкі әскерлерге білікті мамандарды даярлау ықыласы бағыттарымен анықталуы тиіс.

КӘҒҚ өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының ғылыми, зерттеушілік, сайлаушылық және өнертабыстық жұмыстарды жүзеге асыру сұрақтары бойынша нормативтік құқықтық актілерін, Ішкі істер министрінің, Ішкі әскерлер қолбасшысы бұйырқтарын басшылыққа алады.

КӘҒҚ әскери-ғылыми үйірмелері мен оқу батальондары кеңесінен құралады.

КӘҒҚ жұмысының міндеттері

Курсанттардың әскери-ғылыми қоғамының міндеттері:

1)       Ішкі әскерлерге жоғары білікті офицерлік кадрларды даярлаудағы оқу-тәрбиелеу үдерісі нәтижелілігін арттыру;

2)       оқу бағдарламасын, қызметтік-жауынгерлік және оперативті іс-әрекеттің аспектілерін терең оқу арқылы курсанттардың ой-өрісін кеңейту;

3)       өз бетімен зерттеу жұмыстың бастапқы дағдыларды дарыту, фактілерді сыни тұрғыдан саралау және оларды талдап қорыту қабілетін дамыту;

4)       жеке құрамды оқыту, қарулануды, әскери техника мен оқу-материалдық базаны жетілдірудің қызметтік шеберлігін арттыру аясында өнертабыстық және өнертапқыштық жұмысты дамыту;

5)       қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттің, оперативті (әскери) дайындық, жан-жақты қамтамасыз ету, жеке құрамды тәрбиелеу, әскери тәртіпті нығайту, КӘҒҚ жұмысын ұйымдастырудағы озық тәжірибелерді үйрену, жалпылау және тарату;

6)       магистратура мен адъюнктурада әрі қарай оқуларын жалғастыра алатын ғылыми жұмыста өзін-өзі көрсеткен талантты курсанттарды таңдау, ғылыми-педагогикалық кадрлар резервін даярлау;

7)       әскери-ғылыми, әскери-техникалық және педагогикалық білімдерді көпшілікке тарату, сонымен қоса әскери-патриоттық жұмысты жүргізу;

8)       институттың профессор-оқытушылар құрамының ғылыми потенциалын көтеруге жағдай жасау.

 

КӘҒҚ жұмысының формалары

Курсанттардың ғылыми-зерттеушілік жұмысы келесі формаларада өткізіледі:

1)    ғылыми баяндамалар мен рефераттарды даярлау;

2)    ғылыми хабарламаларға аңдатпа, рецензия және сөз сөйлеу мәтіндерін құру;

3)    кезеңдік басылымда шығарылатын мақалаларды талқылау;

4)    әскери институттың ғылыми іс-әрекетінің жоспары бойынша әскери институт кафедралардың орындайтын ғылыми-зерттеушілік жұмысына қатысу;

5)    сайлау және өнертабыстық жұмысқа қатысу;

6)    әскерлер іс-әрекетінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін зерделеу және жинақтап қорыту;

7)    ғылым күні мен аптасын өткізу;

8)    ведомстволық, ЖОО арасындағы, өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми конференцияларға, студенттер, курсанттар мен ЖОО ішіндегі тыңдаушылар арасындағы үздік ғылыми жұмыс байқауына қатысу;

9)    оқу пәндері бойынша үздік білімдерін анықтайтын олимпиадалар мен викториналарды өткізу

Добавить комментарий

Your email address will not be published.


четыре + = 7