Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты Жалпы білім беру пәндері кафедрасы математикалық  және қоғамдық пәндері бойынша  болашақ офицерлерді даярлайды.

ЖББП Кафедрасының бастығы әскери ғылымдарының докторы, полковник Әбдуалиев Оспан Әділұлы.

 Кафедра тапсырмасы:

  • Оқу-әдістемелік жұмыс бойынша пәндерді оқытуын ұйымдастыру және өткізу;
  • Сабақты өткізудің сапасын жоғарлату,технология инновациясы, ғылым мен техниканың жетістіктері, жаңа білім жүйесінің әдістемесін оқытуын енгізу.
  • Ғылыми және рационализаторлық жұмысты орындау;
  • Курсанттарды патриоттық сезімде тәрбиелеу, Отанға деген сенімділігін және әскери парызын, жоғарғы моральды-психологиялық сапасын құру.

Кафедрада 13 пән оқытылады, барлық пәндер Бакалавриат. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті Жоғары білім беру стандарттарына сәйкес қарастырылған. ҚР жалпыға міндетті білім беру стандарттарының Жалпы ережесі 5.04.019 – 2011, №261 2011ж.17.06 ҚР ғылым және білім Министрлігінің бұйрығымен бекітілген.

Жалпы пәндер циклінің 8 пәні, міндетті құрамдас пәндердің бірі болып табылады, олар:

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы;
  • философия;
  • информатика;
  • экология және тұрақты дамуы;
  • социология;
  • әлеуметтану;
  • экономикалық теория негіздері;
  • тіршілік қауіпсіздігінің негіздері;

2 базалық пәндер:

  • жоғарғы математика;
  • физика;

3 пән өз қалауы бойынша (элективті):

  • дінтану;
  • этика, эстетика және мәдениеттану;
  • Логика.

Кафедра құрамы:

           Қазіргі таңда өз қызметін 2017 жылдың қаңтар айынан бастап жүзеге асырып, штаттық саны профессорлар-оқытушылар құрамының 16 оқытушысын құрайды.

Кафедраның біліктілігі – 44% құрайды: 2 кандадат ғылымы және 5 магистр.

ПОҚ 100% 10 жылдан астам оқытушы тәжірибесі бар, оның ішінде 5-7 жыл Әскери институтта.

Добавить комментарий

© 2018 Frontier Theme