Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

Дене шынықтыру дайындығы және спорт кафедрасы

1997 жылдан Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерінің Жоғары әскери училищесі құрылғаннан бері дене шынықтыру дайындығы және спорт кафедрасының тарихы басталады.Дене шынықтыру дайындығы және спорт кафедрасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Әскери институтының бөлімшелерінің оқу-құрылымдары арасындағы оқу-тәбие үдерісін және әскери оқу орнындағы барлық спорттық іс-шараларын қамтамасыз ету бойынша жетекші кафедралардың бірі.

Кафедраның әрекеттері: дене шынықтыру дайындығының барлық үлгілерін өткізуге және ұйымдастыруға; курсанттарды дене шынықтыру дайындығының теориялық негіздеріне, әдістемелік және тәжірибелік дағдыларын дене шынықтыру дайындығының түрлі үлгілерін өткізу және ұйымдастыруда қолдану; заманауи ұрыстың талаптарына сәйкес қызметтік-жауынгерлік әрекеттерді орындаудағы әскери қызметшілердің дене шынығуының дайындығын қамтамасыз етілуіне; әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығы бойынша бақылауға, жиі сабақ өткізуге, дене шынықтыру дайындығының нормативтерін уақтылы тапсыруға әсерлі басшылық жасауға бағытталған.

Кафедра әрекетінің негізгі міндеттері әскери қызметшілердің дене күшінің және арнайы сапаларының жетілдіруі, денсаулығын нығайтуы, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды, жеке тұлғаның ғылым және тәжрибе жетістіктері негізінде, кәсіби қалыптасуына бағытталған білімнің жоғары кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасау болып табылады.

Курсанттарды оқыту кредиттік технологиясы бойынша «дене шынықтыру дайындығы» пәні бойынша үйретіледі, 2016 жылғы дене шынықтыру дайындығы және спорт тәлімгерліктің бөлімдері кіреді:

№1 бөлім – «Гимнастика және атлетикалық дайындық»;

№2 бөлім – «Қоян-қолтық ұрыс»;

№3 бөлім –  «Тосқауылдардан өту»;

№4 бөлім –  «Жедел жүріс және жеңіл ателтика»;

№5 бөлім –  «Шаңғы дайындығы»;

№6 бөлім –  «Әскери-қолданбалы жүзу»;

№7 бөлім –  «Спорттық және қозғалыс ойындары»;

№8 бөлім –  «Кешенді сабақ»;

№9 бөлім –  «Оқу-әдістемелік сабақ»;

№10 бөлім –  «Бақылау-тексеру сабақ»;

№11 бөлім –  «Дәрістер» жүргізіледі.

Кафедра оқу үдерісін мемлекеттік және орыс тілінде жүзеге асырады. Кафедра үлкен назарын салауатты өмір сүру салтының сақталу жүйесіне, дене шынықтыру дайындығы және спортты жетілдіруге қаратады.

Кафедрада әскери-ғылыми үйірмесінің жұмысы ұйымдастырылған. Бұл жұмыстың маңызды бөлігі: курсанттардың дене күштерінің қасиеттерін жетілдірудегі көз қарастарын кеңейтуге, өзіндік зерттеу жұмыстарының алғашқы дағдыларын танытуға, жоғары оқу орындарының курсанттары арасындағы Республикалық деңгейдегі сайыстарға қатысу болып саналады.

Кафедра қызметінің бірінші күнінен бастап оқу және әдістемелік құжаттарды жасау, әскерлер мен басқада әскери құрылымдардан келген офицерлер және прапорщиктердің белсенді қатысуымен казармалық және далалық жағдайдағы оқу-әдістемелік базасын жетілдіру бойынша көп еңбек жасалды.

Кафедра негізделуінің басында запастағы полковник Ш.К. Базарбаев, запастағы полковник А.Н. Белоусов, запастағы подполковник Т.Н. Мульдинов қызмет етті.

Кафедрадағы заманауи оқу-спорттық базасы түрлі масштабтағы сайыстарды  жоғары денгейде өткізуге мүмкіндік береді.

Жыл сайын спорт комитетімен Әскери институтта әскери-қолданбалы және жаппай спорт түрлерінен Спартакиадалар өткізіледі:

— офицерлер және келісім шарт бойынша әскери қызметшілер арасында (футбол, волейбол, жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, штаттық қаруынан ату бойынша).

— оқу бөлімшелерінің курсанттары және мерзімі бойынша әскери қызметшілер арасында (футбол, волейбол, гирлік екісайыс, армрестлинг, самбо ұрысы, қоян-қолтық ұрысы, жеңіл атлетика, ӘСК көпсайыс, әскери үшсайыс, штаттық қаруынан ату бойынша, спорттық бағдарлану, қысқы Президентті көпсайыс және 5 шақырымға марш-жасау бойынша).

Қойылатын талаптар жылдан жылға толық көлемде орындалуда, ӘСК белгісіне ие болатын, дәрежелі спортшыларды дайындау бойынша мақсатқа бағытталған дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жыл сайын институттың 1000-ға жуық әскери қызметшілері институттың жаппай Спартакиадасында және түрлі спорттық ойындарына қатысады.

Оқу жыл ағымында Наурыз-мейрамына, Жеңіс Күніне, Спорт Күніне, Қазақстан Республикасының Конституция Күніне, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған  6 спорттық мейрамдар өткізіледі.

Ұлттық ұлан Әскери институт бастығының кубогына волейбол бойынша, қазақ-күресі бойынша «Институт-Барысы» және кіші-футбол бойынша 3 турнир өткізіледі.

Қазақ-күресінің тек бүгінгі спорттық талаптардың позицияларында ғана қарастырмау керек. Бірнеше жылдар қатарымен Біздің Республикамызда Қазақстан Барысы өткізілуде, институт бастығының шешімі бойынша, 2013 жылдың наурызында спорт комитетінде институт-Барысы өткізіледі, сайыстың бұл түрі әр кез сайын улкен атақтылық пен көрермендердің назарын қызықтыруда.

Институт-Барысының алғашқы жеңімпазы болып курсант Бейсеналиев Қуаныш болған, қазіргі таңда ол Ұлттық ұлан бөлімдерінде қызмет атқаруда.

Спорттық кештер жеке құрамның дене шынықтыру дайындығының деңгейін арттыруға және тәрбиелеуде маңызы зор. Олар дене шынықтыру және спорт мәдениетінің өркендеуіне, әскери қызметшілердің мәдени демалыстарын ұйымдастыруға, оқу және қызметтік жүктемелерден пайда болған, психологиялық жағдайын шешуге, достық байланыстарын бекемдетуге әрекеттеседі. Жыл сайын спорттық кештерде біз алдыңғы жылдағы қорытындыларды жасаймыз және Әскери институттың ең үздік спортшысын жариялаймыз.

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мәдениеті және спортының тармақтарын дамыту, дене шынықтыру мәдениеті саласында мемлекеттік саяси үлгісінің  қалыптасуы мақсаттарында  2025 жылға дейін дене шынықтыру мәдениеті және спортты дамыту концепциясын жасап шығарылды. Оның негізінде Әскери институтта жоспар жасалды, аталған концепцияны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар орындалуда.

Әскери институттың спорттық жетістіктері тұрақты жаңа жеңістер және жетістіктермен толықтырылуда. Дене шынықтыру дайындығы және спорт кафедрасы оқытушы құрамымен толық жабдықталған және оқу процессін қамтамасыз етуге барлық заманауи талаптарына сәйкес  келеді. Оқытушылар құрамы, әрдайым өздерінің кәсіби шеберліктерін арттыру бойынша жұмыс жасау үстінде. Офицерлер, келісім бойынша қызметкерлер және кафедра қызметкерлері, үлкен тәжірибелік копжылдық тәлімі бола тұра, оларды болашақ офицерлерді тәрбиелеуге қолданып, оларға өзінің білімдерін беріп, көп жылдық тәжірибеден алынған білімі және дағдысын беруде.

Добавить комментарий

© 2018 Frontier Theme