Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

Техникалық және тылдық қамтамасыз ету кафедрасы

Техникалық және тылдық қамтамасыз ету кафедрасы 2005 жылы 14 желтоқсанда «Автоброндітанк техникасын жүргізу және пайдалану» мен «Тылдық»  қос ірі кафедрасының бірігуінің нәтижесінде қаланды. Кафедра құрамына екі цикл енеді: материалды бөлік және пайдалану циклі мен тыл циклы. Кафедраның мақсаты Командылық тактикалық автомобильдік қамтамасыз ету мамандығы бойынша оқитын курсанттардан өз саласындағы  жоғары даярланған маман иелерін дайындау, Командылық тактикалық тылдық қамтамасыз ету — тыл қызметінің бастығы, басқа саладағы курсанттардың барлығына – БТР-дің 3 дәрежелі механик – жүргізушісі және «В,С1» санатты жүргізушілерді дайындау. Көлік құралдарының жүргізушілерін дайындау бағдарламасы бойынша оқитын және емтиханды сәтті тапсырған кафедраның болашақ түлектері жол полициясының Басқармасында сәйкес санатта жүргізуші куәлігін алады.

Қазіргі уақытта кафедрада келесі пәндер бойынша сабақтар өткізіледі:

Материалды бөлік және пайдалану циклында:

  • Инженерлік графика
  • Техникалық дайындық
  • Теориялық механика
  • Қолданбалы механика
  • Брондытанк техникасы
  • Автомобильдерді жүргізу
  • Машина бөлшектері
  • Әскери бөлімнің паркі
  • Әскери автоброндытанк техникасы
  • Әскери бөлім паркін жобалау
  • Әскери автоброндытанк техникасын эвакуциясы
  • Жауынгерлік машиналарды жүргізу
  • Әскери автоброндытанк техникасының қозғалтқыштары
  • Әскери автоброндытанк техникасының электрожабдықтары
  • Әскери автоброндытанк техникасын пайдалану
  • Әскери автомобильдік техникасын жөндеу
  • Автоброндытанк қызметінің жұмысын ұйымдастыру
  • Автотехникалық қамтамасыз ету және әскери автомобильдік тасымалдау
  • Автоброндытанк қызметі
  • Әскери автоброндытанк техникасын жөндеу

Тыл циклында:

  • Әскери шатырларды пайдалану
  • Далалықта заттай қамтамасыз ету
  • Тауартану
  • Тамақ дайындау технологиясы
  • Заттай мүліктерді пайдалану
  • Далалықта азық-түлікпен қамтамасыз ету
  • Азық-түлік қызметінің техникалық құралдары
  • Азық-түлік қызметінің жұмысын ұйымдастыру
  • Киім-кешек қызметінің жұмысын ұйымдастыру
  • Әскери шаруашылық
  • Заттай мүлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
  • Азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
  • Азық-түлік қызметінің есебі
  • Тамақтандыруды жоспарлау және бақылау
  • Тылдық қамтамасыз ету негіздері
  • Киім-кешек қызметінің есебі
  • Материалдық қамтамасыз ету
  • Әскери тыл
  • Өртке қарсы қауіпсіздікті ұйымдастыру
  • Жанар-жағармай материалдарын тауартану
  • Құрылыс материалдары және одан жасалатын бұйымдар
  • Инженерлік жүйелер
  • Құрылыс жабдықтары және құралдары
  • Жанармай қызметінің техникалық құралдары
  • Казармалық-тұрғын үй қорын техникалық пайдалану
  • Жағармаймен әскерлерді қамтамасыз ету
  • Пәтер-пайдалану қызметінің есебі және есеп беруі
  • Жанар-жағармай материалдары қызметінің есебі және есеп беруі
  • Күрделі құрылыс және жөндеу
  • Пәтер мүліктерімен және отынмен әскерлерді қамтамасыз ету
  • Әскери бөлімдерді пәтерлендіруді ұйымдастыру
  • Күндегі іс-әрекетті тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру

Кафедра ұжымы жоғары саладағы үлкен  дәрежелі кәсіби тәжірибесі мол әскери қызметте  әртүрлі лауазымдық жұмыстарын жеткеріп меңгерген мамандардан тұрады. Офицер – оқытушылар  өздерінің қызметтік тәжірибелерін – курсанттарды, болашақ Ұлттық ұлан офицерлерін үйретуде пайдаланған және үйретіп келеді.

Жоғарылату және кәсіби дайындық нәтижесі мен методикалық шеберліктерін кафедра офицерлерінің сабақ өткізуі оқу әдістемелік жиындарда қатысуы, кәсіби сабақ өткізу барысында, сынақтарда, өздік жұмыстарда, нұсқаулық сабақ өткізу барысында, әдістемелік-нұсқауларда, тексеру, көрсету және ашық сабақтарында, әрдайым бақылау, сабақты қалай ұйымдастырып өткізу, курсанттармен сабақты өткізу, сондай-ақ оқытушылардың келесі сабақтарға дайындауы. Кафедраның оқытушылар құрамы жыл сайын Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті және әскери тағылымдамалардан және курстық дайындықтардан өтеді.

Кафедра ұжымының күшімен әрдайым оқу – материалдық базала жаңадан толықтырып, оқу үдерісіне Жол жүру ережелерін, жол жүру қауіпсіздік негізін, күштік қондырғысын, автоброндытанк техникаларын пайдалану негіздері және т.б. зерделеу сыныптары енгізілді. Кафедрада әскери техникасының оқу-қалыптағы стендтері, жаттығу құрылыстары мен үлгілері бар оқу – лабораторияларымен жабдықталған. Курсанттарды оқыту және тәрбиелеуге, оқу-материалдық базаны жетілдіруге  үлкен үлесін қосқан қазіргі уақытта кафедраның лауазымдарындағы: кафедра бастығы тарих ғылымдарының кондидаты, әскери ғылымдарының доценті, Қазақстан Республикасы әскери ғылымдар академиясының мүшесі-тілшісі полковник Қосынтаев Қайрат Балтабекұлы, кафедра бастығының орынбасары полковник Бердібеков Нұрлан Тұрдәліеұлы, кафедрының професссоры ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты подполковник Аманғалиев Тлеген Ғарипұлы, оқытушылары полковник Занин Матвей Юрьевич, подполковник Қапезов Айдын Еркінұлы, подполковник Нәбиев Таир Рамазанұлы, подполковник Қожахметов Данияр Тіріжанұлы, майор Макин Амангелді Мәдиұлы, майор Халиев Ерболат Жүнісәліұлы, қызметші Нужин Андрей Викторович, қызметші Минченко Лариса Александровна, тыл циклінің оқу зертханасының бастығы майор Сапарғалиев Ниязбек Қалелұлы, кабинет бастықтары старшина Зенченко Людмила Викторовна, прапорщик Исағұлова Айнагул Мағзумқызы.

Оқытуды белсендету мақсатында кафедрада оқытудың жаңа технологиялары, бірінші кезекте бейне – көрсетілімді, компьютерлік техника және басқа да заманауи ақпаратты өңдеу және тапсыру құралдарының енгізуіне негізделген. Кафедрада компетентті офицерлерді дайындауға қолданысын ұсындған түрлі оқу – бағдарламалық және электронды кітаптар әзірленді. Кафедрада жоспарлы түрде ғылыми жұмыстар, курсанттарға әскери-ғылыми үйірме жүзеге асырылуда. Әскери- ғылыми үйірме мүшелері жыл сайын Қазақстан Республикасы ІІМ Жоғары оқу орындары арасында ғылыми жұмыстар конкурстарына белсене қатыса отырып, жүлделі орындар бір-неше рет ие.

Кафедра оқытушылары Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан офицерлері мен келісім-шарт әскери қызметшілерінің квалификациясын жоғарылату факультетінің тыңдаушыларымен сабақ жүргізуге  Қазақстан Республикасы ІІМ Департамент қызметкерлерін дайындауда ат салысады

Добавить комментарий

© 2018 Frontier Theme