Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

Қаруландыру және ату кафедрасы

Қару-жарақ және  атыс кафедрасы 1997 жылы әскери училищенің негізі қаланған кезеңінде құрылды және бір немесе бірнеше туыстас пәндер бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми жұмысты, курсанттар арасындағы тәрбиелік жұмысты, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыруды іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттык Ұлан әскерлер  Әскери институтының негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Кафедраның басты міндеті:

— жауынгерлік машиналардың қаруларын, атыс қарулары мен гранататқыштарды сауатты және толық көлемде қолдана алатын, ұрыста бөлімше атысын сенімді басқара алатын, қару-жарақтардың құрылысы мен пайдалану ережелерін мықты білетін,  оны ұрыстық қолдануға дайындай алатын және атыспен нысаналарды жоя алатын, қарамағындағыларды дұрыс оқыта және тәрбиелеуге мүмкіндік беретін қажетті әдістемелік дағдыларды меңгерген офицерлерді даярлау;

— кафедрада оқытылатын оқу пәндері бойынша оқу және әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырып өткізу;

— оқушылармен тәрбиелік жұмыс жүргізуге қатысу;

— кафедра мамандығы бойынша, офицерлік кадрларды даярлау және курсанттарды оқыту мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау болып табылады.

Кафедраның құрылу тарихы Әскери институттың құрылу тарихымен тығыз байланысты. Ол көптеген қиын жағдайларды бастан кешірді. Бастапқы жылдары ең қажетті: жабдықталған сыныптық, зертханалық және далалық  оқу материалдық-техникалық құралдар, оқу және көрнекі құралдар, әдебиеттер, офицерлердің педагогикалық тәжірибесі жетіспеді. Алайда ең бастысы – болашақ офицерлерді оқытуға, тәрбиелеуге және жұмыс істеуге деген құлшыныс зор болды.Кафедраның құрылған кезеңінде полковник Зинченко Виталий Владимирович басшылық етті. Сауатты, әскери тәжірибесі мол Виталий Владимирович өзінің іскерлігімен ұжым жұмысын ұйымдастырды. Сол уақытта кафедрада подполковниктер К.В.Шадрин, В.П.Титович, майорлар В.П. Пуспешев, В.В.Игнатьев дәріс берді.

2001 жылдан 2010 жыл аралығында қаруландыру және ату кафедрасын әртүрлі уақытта полковник Сембаев  Бахытжан  Аронұлы, подполковник Фанаков Игорь Владимирович, полковник Левин Андрей Юрьевич басшылық етті.

2004 жылдың мамыр айында кафедраның ұйымдастыруы нәтижесінде әскерлерді зымыран-артиллериялық қамтамасыз етуге тактикалық басшылық мамандығы бойынша болашақ офицерлерді даярлау үшін зымыран-артиллериялық қаруландыру циклі құрылды, циклді полковник Сироткин Виктор Павлович басқарды.

Сол жылдардан бері кафедрада оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша тынымсыз және мақсатты түрдегі жұмыс жүргізілуде, оқытылатын пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен тақырыптық жоспарлар қайта жасалуда және жетілдіруде, кафедраның оқу материалдық-техникалық құралдары дамытылып келеді.

Сол уақытта курсанттарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне, оқу материалдық-техникалық құралдарды жетілдіруде: кафедра бастығының орынбасары полковник Беспалов Александр Анатольевич, аға оқытушы подполковниктер Венерцев Петр Васильевич, Сербин Александр Григорьевич, оқытушы подполковник Пердибеков Иманали Тургунович, РАҚ циклінің зертхана технигі прапорщик Цвингер Петр Петрович, РАҚ циклінің шеберхана бастығы старшина Әлжанов Ғабит Тілегенұлы, РАҚ циклінің атқыш қаруларын жөндеу бойынша  нұсқаушы прапорщик Матенов Сержан Сабырұлы, кабинет бастығы прапорщик Долгушева Ольга Владимировна, жауапты орындаушы – БАЖ технигі прапорщик Мамедова Татьяна Садайбековна маңызды үлес қосты.

2010 жылдың мамыр айынан бастап 2016 жылдың желтоқсан айынан болған кафедраны полковник Балабанов Сергей Михайлович. Қазіргі уақытта кафедрада қару-жарақ бастығы ретінде полковник Воробьев А.В. Қазіргі уақытта кафедрада белсенді, жұмысқа қабілетті ұжым құрылды. Кафедрада тәжірибелі оқытушылар: кафедра бастығының орынбасары полковник Сайфудинов Ринат Каримович, аға оқытушылар полковник Кулжанов Жомарт Берикбаевич.

Оқытушы құрамымен бірге кафедрада: оқу зертханасының бастығы капитан Редькин Денис Владимирович, біздің кафедраның 2002 жылғы түлегі, оқу зетханасының технигі старшина Зайцев Алексей Генадиевич, оқу шеберханасының нұсқаушысы сержант Нұрғалиев Бауыржан Қасымұлы, оқу шеберханасының бастығы  сержант Жанахметов Даурен Қабдоносұлы, кабинет бастығы сержант Альназирова Сауле Ысмағзамқызы қызмет атқарады.

Кафедраның көптеген әскери қызметшілері әртүрлі уақытта Ауған соғысының жалынынан, Закавказья, Тәжікстан және Приднестровья ұрыстық қимылдарынан өтті, олар әртүрлі сабақтар түрлерінде, атыс жаттығулары мен практикалық атыстарды өткізу кезінде  өздерінің білімдері мен жауынгерлік тәжірибелерін курсанттарға беріп келді.

Қару-жарақ және атыс кафедрасының әскерлерді зымыран-артиллериялық қамтамасыз ету циклі

Қару-жарақ және атыс кафедрасының әскерлерді зымыран-артиллериялық қамтамасыз ету циклі 2016 жылдың қаңтар айында қару-жарақ және атыс кафедрасының базасында құрылды. Оның құрылуына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрықтары мен жарлықтары негіз болған еді.

Циклдің негізгі функционалдық міндеттері:

— офицерлерді артиллериялық және зениттік бөліністердегі офицерлік құрамның;

— арнайы және жедел мақсаттағы бөліністерінің артиллериялық атысты түзетушілер ваканттық лауазымдарын толықтыру үшін;

— офицерлік құрамының лауазымдарын толықтыру үшін даярлау  болып табылады.

Қазіргі уақытта циклдің оқытушылар құрамымен әдістемелік құралдар мен әзірлемелерді, әдістемелік ұсынымдар мен басқа да құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аталған іс-шаралардан басқа кафедра оқытушылар құрамының алдында келесі міндеттер тұр:

— артиллериялық және зениттік бөліністерді, сондай-ақ зымыран-артиллериялық қаруландыру мамандарын ұрыстық қолдану мамандарын даярлау үшін оқу-материалдық құрал-жабдықтарды орталандыра шоғырландыру;

— артиллериялық-атыс жаттығуларын әскери техниканың, қару-жарақтар мен оқдәрілердің моторесурстарын шығындаусыз өткізуге, атысқа қару-жарақтың материалдық бөліктерін даярлауға, атыс шебі мен командалық-бақылау пунктін жабдықтауға уақыт шығындамас үшін кіші артиллериялық полигон жабдықтау;

— қару-жарақтарды жөндеу бойынша практикалық сабақтарды жабдықталған стационарлық шеберханаларда сапалы өткізу, сонымен қатар  әскери және артиллериялық қару-жарақтардың және оның жиынтығы бойынша әскери калибрлер мен техникалық құжаттамаларды жүргізуге үйрету;

— Әскери институттың атыс және артиллериялық қаруландыру бөлінісіне (сонымен қатар артиллериялық-зениттік дивизионға) кіші жөндеу өткізу.

Аталған міндеттерден басқа циклдің оқытушылар құрамымен мамандардың қалыптасу мен толықтыруы және Шымкент қ. 6206 әскери бөлімінің артиллериялық-зениттік дивизионының жауынгерлік әзірлік сапасы мәселелері жетекшілікке алынған.

Кафедраның әскерлерді зымыран-артиллериялық қамтамасыз ету циклінің бастығы полковник А.В. Воробьев Ұлттық ұлан минометтік және зениттік бөліністерін даярлауға қатысады және 2014-2016 жылдары «Заречный» арнайы мақсаттағы бөліністің оқу-әдістемелік орталығында арнайы және жедел мақсаттағы бөліністердің оқу-жаттығуларына қатысуларын  қадағалайды.

Добавить комментарий

© 2018 Frontier Theme