Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

Қазақстан халқы Ассамблеясы және тілдік дайындық кафедрасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы Әскери институтының Қазақстан халқы Ассамблеясы және тілдік дайындық кафедрасы білім берудің заманауи талаптарына сәйкес тілдік дайындық деңгейін көтеру, курсанттарды оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесін жетілдіру, әскери ғылымдармен пәнаралық байланысты практикалық жүзеге асыру, оқу процесіне ғылым мен инновациялық технологияларды енгізу, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктермен байланыста болу, оқу процесі аясында мәдениет пен конфессияаралық толеранттылықты қалыптастыру мақсатында 2017 жылы ашылды.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлерінің әскери училищесінде лингвистика кафедрасы құрылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі С.В. Скрипко болды. Мемлекеттік тіл аясының кеңеюіне байланысты 2004 жылы кафедра мемлекеттік тіл және тіл дайындығы кафедрасы болып өзгертілді, кафедраны филология ғылымдарының кандидаты Ғ.Қ. Қожағұлова басқарды. Кафедрада жан-жақты жеке тұлғалы болашақ офицерлерді оқыту мен тәрбиелеу мақсатында оқытушылар Асхатова И.В., Дюсембаева Ж.И., Әбдірахманова Н.К., Молдабаева Д.Г., Қалиева А.М., Асылбекова А.С., Саламатова Е.А., Мажиева Ж.М., Федотова С.Б., Завертяева И.В. алдыңғы қатарлы әдістемені қолданды.

2008 жылы мемлекеттік тіл және тіл дайындығы мен математика, физика және химия кафедраларын біріктіру нәтижесінде жалпы білім беру пәндері кафедрасы құрылды. Қайтадан құрылған кафедраны Ж.Қ.Жабатова басқарды. Жаңыл Қапезқызының жоғары кәсібилігі, бай тәжірибесі, ұйымдастырушылық қабілеті кафедраның оқу, әдістемелік және ғылыми жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесті. Кафедраның штатын тәжірибелі мамандар толықтырды: Зейнина В.У., Капажанова А.Қ., Анцибор Е.С., Әубәкірова М.М., Әубәкірова Ж.А., Мұсылманбекова Ж.Ш., Таджигитова Ә.А., Жакина Г.К., Өмірзақова Т.Е., Қасенова Ж.З., Жүсіпова Л.А., Гималетдинова С.А., Ештаева А.З. Оқу-материалдық базаны жетілдіруде оқу кабинеттері меңгерушілері Ибраева Т.Қ., Конищева Е.В., Қалиева А.Қ., Көшімбаева Г.Ө. үлкен үлес қосты, зертханашы Дәулетова Д.А. қызығушылықпен еңбек етті.

2012 жылы кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты А.Қ.Қалиев басқарды.

2015 жылы жалпы білім беру пәндері кафедрасын ажырату нәтижесінде филология ғылымдарының кандидаты Ғ.Қ.Қожағұлова басқарған тілдік дайындық кафедрасы құрылды.

2017 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы бұйрығы негізінде кафедра Қазақстан халқы Ассамюлеясы болып өзгертілді. Қазіргі уақытта кафедраны подполковник Қанат Қайыргелдіұлы Дайыров басқарады. Қ.Қ.Дайыровтың батыл жетекшілік етуінің арқасында оқу-тәрбиелік процесс мақсатты, тиімді және жоспарлы жүргізіледі. Кафедрада үлкен педагогикалық өтілді, тәжірибелі оқытушылар жұмыс істейді. Кафедра штатына филология ғылымдарының кандидаты, аға лейтенант Жамитова Ақмарал Саркенқызы, магистрлер: Зейнина Венера Уәлиясқызы, Таджигитова Әлия Айтжанқызы, Әубәкірова Жәмиля Әнуарбекқызы, Өмірзақова Тоғжан Есенғалиқызы, Исмуханов Есмағзам Исламбекұлы, Колясина Анна Геннадьевна, Нагуманова Жансая Шонайқызы, Ұланова Мәдина Назбекқызы, аға оқытушы Анцибор Елена Сергеевна, оқытушы Қасенова Жибек Зұлқарқызы,  оқу кабинеті меңгерушісі  Ибраева Тұрсын Қабимоллақызы.

Кафедра ұжымы өз ісіне деген шынайы берілгендік, курсанттарды тәрбиелеу мен оқытуда шығармашылықпен ерекшеленеді. Сабақтарында ғылыми принципті профессор А.С.Жамитова жүзеге асырады. Тиянақты ұйымдастыру, әдістемелік негіздемемен аға оқытушылар Е.С.Анцибор, В.У.Зейнинаның сабақтары ерекшеленеді. Оқытудың көп түрлі тәсілдері мен әдістерін аға оқытушы  Ә.А.Таджигитова, оқытушы Ж.З.Қасенова қолданады. Берік және терең білім беруде аға оқытушы Ж.Ә.Әубәкірова үлкен мән береді. Курсанттардың өздік жұмысын оқытушылар А.Г.Колясина, Т.Е.Өмірзақова шебер ұйымдастырады. Оқытушылар Ж.Ш.Нагуманова, Е.И.Исмуханов сабақтарында шығармашылықпен жұмыс істейді. Сабақтарда мәселелі жағдаяттарды оқытушы М.Н.Ұланова кеңінен қолданады. Кафедраның қызметін ұйымдастыру бойынша оқу кабинеттері меңгерушісі Т.Қ.Ибраева үлкен жұмыстар атқарады.. жұмысында жауаптылық, бастамашылықпен ерекшеленеді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы ғылыми жұмыспен белсенді айналысады. Кафедра оқытушылары аймақтық, республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысады. Курсанттардың әскери-ғылыми үйірмесі жұмысы аясында кафедра оқытушылары жетекшілігімен курсанттар жыл сайын өткізілетін ғылыми жобалардың республикалық байқауында, сондай-ақ әр түрлі қалалық, облыстық өлең, эссе байқауларында жүлделі орындар иеленіп жүр, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ғылыми-практикалық семинарларына қатысады.

Кафедра оқытушылары курсанттармен тәрбиелік іс-шаралар өткізеді: тілдік олимпиада, байқаулар, әдеби-сазды кештер, тақырыптық әңгімелер, викториналар және басқа да іс-шаралар.

Добавить комментарий

© 2018 Frontier Theme