Әскери қызметшілерінің біліктлігін  арттыру  факультеті

2001 жылдың 26 желтоқсанында күні Ішкі істер Министрінің № 301 бұйрығымен Петропавл қаласындағы Қазақстан Республикасы ІІМ ІӘ Жоғары әскери училищесінде біліктілікті көтеру мен ішкі әскер офицерлерін қайта дайындау факультеті құрылды.

Факультеттің қызметі Ұлттық ұлан офицерлерінің дайындығын тәртіптерін реттейтін, Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Басқолбасшысының құқықтық нормативтік актілері, Ұлттық ұлан Әскери институт жарғысы және «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру туралы ережесі» Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының 2016 жылғы 29 тамыз № 349 бұйрығы негізінде ұйымдастырылды.

Тыңдаушылардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің білімдерін тереңдету немесе жаңа кәсіби білім мен дағдылар алу және кәсіби білім базасында жаңа мамандықтарды тереңдету, іскерлік қасиетін дамыту және лауазымынан бір саты жоғары лауазымдық функцияларды орындауға дайындау мақсатында жүзеге асырылады.

Факультте құрылғаннан бастап қазіргі кезеңге дейін 28 мамандық бойынша тыңдаушылардың 80-нен астам тобы, Ұлттық ұланының және өзара әрекеттесуші органдардың 1990-нан астам офицерлері мен  келісім-шарт бойынша әскери қызметшілері  оқытылып, біліктілік арттыру және қайта дайындаудан өтті.

ФАКУЛЬТЕТТІҢ МІНДЕТТЕРІ

1) өздерінің және бір саты жоғары лауазымдық міндеттерді жемісті және сапалы орындауы, әскери және арнайы білімді меңгеруі үшін тыңдаушылардың кәсіби білмдерін арттыру және сапалы жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

2) тыңдаушыларды бейбіт және соғыс уақытында бөлімшелер мен бөлімдердің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетін, оқу-тәрбиелік процесін ұйымдастыру және басшылық жасау мәселелерінде даярлау.

Қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауда және жауынгерлік қызметті бақылауда дағдыларды меңгеру, бөлімшелердің жеке құрамын оқытуда жаңа нысандар мен әдістерді енгізу және жетілдіру.

Бөлімшелер мен бөлімдерді жоғары жауынгерлік және жұмылдыру даярлықта ұстау әдістерін меңгеру;

3) Ұлттық ұланның бөлімшелері мен бөлімдері қызметтік-жауынгерлік міндеттерін орындау үшін пайдаланатын қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, күзеттің инженерлік-техникалық құралдарының мүмкіндіктерімен таныстыру, сондай-ақ оларды пайдалану, сақтау, күтіп ұстау және есепке алу тәртібі;

4) бөлім командирлерінің орынбасарлары, батальон командирлері және олардың орынбасарлары, қызмет, бөлім, топ бастықтарын және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы айқындайтын басқа да мамандықтардың жоғары тұрған лауазымдарына ұсыну үшін офицерлер қатарынан резервті дайындау;

5) оқытудың тиімді технологияларын енгізу, оқытудың жаңа әдістерін әзірлеу және тыңдаушыларды сынау.

Факультетке тікелей басшылықты оның бастығы жүзеге асырады.

 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  ұланы

әскери  қызметшлерінің  біліктілігін  арттыру  факультетінің  бастығы

полковник  Кухарев  Александр  Георгиевич.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.


− четыре = 3