Оқу орталығы

Оқу орталығы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының құрылымдық бөлімшесі. Құрылған күні 1997 жылы, Үкімет қаулысының шешімімен Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлері(Ұлттық ұлан) үшін офицерлік кадрларды даярлау бойынша Петропавл жоғары әскери училищесі құрылды.

Оқу орталығы – кешенді оқу нысандарынан, далалық және қызметтік ғимараттардан тұрады,  онда жауынгерлік дайындықты практикалық тұрғыдан көрсету, жеке құрамның психологиялық шынығуларын, далалық жағдайда алған білімдерінің деңгейін арттыру, қиын жағдайда әскери-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға олардың дайын болуларын, сондай-ақ жеке құрамды материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету көзделген.

Оқу нысандарының орналасқан жері жауынгерлік дайындықты қазіргі заман талаптарына сай, жоғары техникалық деңгейде жасалған, сабақтардың тиімді өтілуіне, ондағы қауіпсіздік шараларының талаптары, адамдардың өмірі мен денсаулықтарының сақталуы, экологиялық қауіпсіздік пен рационалды тұрғыдан табиғатты пайдалану кезінде барлық жағдайлармен қамтамасыз етілген.

Офицерлік кадрларды сапалы даярлау бойынша тапсырмаларды орындауды қамтамасыз ету үшін жарғының, нұсқаулықтың талаптарына сай дайындалған бағдарлама шеңберінде оқу орталығында курсанттардың психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру үшін стадион, дене шынықтыру қалашығы, қоян-қолтық ұрыс алаңы, бір сызықтыққа секіру жолағы және бұдан басқа оқу нысандары бар: сондай-ақ әскери ату алаңы, тактикалық оқу даласы, ату қалашығы, танкодром мен автодром орын тепкен, және де әртүрлі жағдайда әскери-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға әрекет жасау үшін оқу қалашығы мынандай қызмет орындарымен қамтылған: инженерлік қалашық, жаппай құрып-жою қаруынан қорғану бойынша қалашық, психологиялық дайындық, әскери машиналармен жүру жолдары бар.

Атыс қаруынан ату, автоматтық және танкке қарсы гранатометтер, қол гранатасын лақтыру бойынша бөлімшедегі жеке құрамның жаттығуларды орындау үшін, сондай-ақ бөлімше және взвод құрамында атыс және әскери атыс дайындығы бойынша сабақтар өткізу үшін оқу орталығында арнайы әскери ату алаңы бар.

Далалық сабақтарды өткізу кезінде жеке құрам казармаға жайғастырылады, сондай-ақ теориялық сабақтарды өткізу кезінде оқу орталығында оқу сыныптары орналасқан.

Қазіргі уақытта оқу орталығын майор Волох Евгений Александрович басқарады. Оның басшылығымен оқу орталығының жеке құрамы болашақ офицерлерді оқыту мен тәрбиелеу жолында қойылған тапсырмаларды ойдағыдай орындауды жалғастыруда.

Добавить комментарий

Your email address will not be published.


три × 6 =