ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ҰОС АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

2022 жылғы 9 мамырда Петропавл қаласында Академия бастығы генерал-майор Бауыржан Әбжанов бастаған Ұлттық ұлан Академиясының әскери қызметшілері ҰОС ардагерлерін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығымен құттықтады.
Ардагерлер үшін аулада шағын шеру ұйымдастырылды. Жеңіс батырларына «Қазақстан Республикасының құқықтық тәртіп әскеріне — 30 жыл» кеуде белгісі, сыйлықтар мен азық-түлік пакеттері табыс етілді.
Академияның әскери оркестрі патриоттық композициялар мен соғыс жылдарындағы әндерді тұрғын үйлердің ауласында орындады. Көрермендер соғыс жылдарындағы әндердің керемет орындалуына қуанышты көңіл бөліп, әйгілі «Жеңіс күні» әнін бірге шырқады.
Әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының үш ардагерін құттықтады. Олар: Сухомлинов Василий Иванович, Мурзагулов Кабин Егимбаевич және Некибаев Кожатай Сейтахметович.
— «Біз бұл жеңістің қаншалықты болғанын білеміз және Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін қаһармандық күресте төтеп бергендердің жауынгерлік және еңбек ерліктерін құрметтейміз. Өкінішке орай, Жеңіс көктемінің қуанышын бізбен бірге бөлісетін ардагерлердің саны азайып келеді. Біз ешкімге тарих беттерін қайта жазуға жол бермейміз және қымбатты ардагерлерімізге – өз елінің шынайы патриоттарына лайықты болуға тырысамыз.
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, амандық және бейбіт аспан тілейміз», — деп атап өтті өз сөзінде генерал-майор Бауыржан Әбжанов.
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында 15 соғыс ардагері, 3000-нан астам тыл еңбеккерлері тұрады, олардың ішінде 58 адам «соғыс кезіндегі ерен еңбегі үшін» наградталған.
Ардагерлер әскери қызметшілерге шын жүректен алғыстарын білдірді. Өз кезегінде әскери қызметшілер ардагерлерге жер бетіндегі бейбітшілік жолындағы ерліктері, бүгінгі ұрпақтың бейбіт аспан астында өмір сүру құқығы үшін алғыс айтып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және рух сергектігін тіледі.
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
Академиясының баспасөз қызметі