ЕСКЕ АЛУ МИТИНГІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясында 1995 жылғы 7 сәуірде ТМД шекарасының тәжік-ауған учаскесінде ерлікпен қаза тапқан құқықтық тәртіп әскерлерінің 17 жауынгеріне арналған митинг өтті.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысына сәйкес, 1993 жылдан 1999 жылға дейін ішкі әскерлердің жедел мақсаттағы бөлімдерінен екі мыңнан астам сарбаз мен офицер тәжік-ауған шекарасында Қазақстан Республикасының Жеке атыс жиынтық батальоны құрамында үкіметтік тапсырманы орындады. Шымкент Ішкі әскерлер полкінің 7-ші құрама ротасының жауынгерлері үшін қайғылы күн 1995 жылғы 7 сәуір болды.
Сол кезде Тәжікстан Республикасының Пшихавр тау шатқалында шектес тараптан бандалық құрылымдардың жоғары күштерімен тең емес ұрыс басталды. 17 адам қаза тапты, 33 әскери қызметкер ауыр жарақат алды, бірақ біздің жауынгерлер өздерінің әскери міндеттерін абыроймен орындады және әскери антқа адал болды, Казбаттың ар-намысы мен қадір-қасиетін тастамады. Ішкі әскерлер жауынгерлерінің ерлігін еске алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімдерінде 7 сәуір жыл сайын еске алу және ерлік күні ретінде атап өтіледі.
2022 жылғы 7 сәуірде Академияның саптық алаңында еске алу Стеласында тәжік-ауған шекара учаскесінде әскери борышын өтеген ардагерлердің қатысуымен еске алу және ерлік күніне арналған іс-шара өтті.
Дәстүр бойынша, митинг еске алу стеласына гүл шоқтары мен гүлдер қоюдан басталды.
Осыдан кейін Академия әскери қызметшілері мен құрметті қонақтар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Содан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Еліміздің әнұранын орындау аяқталғаннан кейін сол қайғылы оқиғалар туралы Ұлттық ұлан Академиясының бастығы, философия докторы (PhD), генерал-майор Бауыржан Әбжанов баяндама жасады.
«1995 жылғы 7 сәуір – қазақстандықтар үшін қайғылы және есте қаларлық күн – тәжік-ауған шекарасындағы біздің қазақстандық жауынгерлеріміздің ерлік күні, онда күші жоғары Қарулы содырлармен тең емес ұрыста біздің 17 әскери қызметшіміз қаза тапты.
Біз бауырлас мемлекет – Тәжікстан Республикасы үстіндегі бейбіт аспан үшін жанын қиған жас жігіттердің жарқын естеліктерінің алдында әрқашан басымызды иеміз», — деп атап өтті Академия бастығы генерал-майор Бауыржан Әбжанов өз баяндамасында.
Сондай-ақ, «тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылдар және әскери қақтығыстар ардагерлерінің одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Асқар Жаменов пен Тәжікстан Республикасының курсанты Ивазмад Кодиров баяндама жасады.
Одан кейін іс — шара жүргізушілері Ішкі істер Министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығын оқып, оған сәйкес «Қазақстан Республикасының құқықтық тәртіп әскеріне 30 жыл» төсбелгісімен және 16 ардагердің грамоталарымен марапатталды. Іс-шара жеке құрамның салтанатты шерумен өтуімен және қатысушылар мен құрметті қонақтарды естелік Стеласында суретке түсірумен аяқталды.
 
ҚР Ұлттық ұланы
Академиясының баспасөз қызметі