ӘСКЕРИ ИНСТИТУТ АРДАГЕРЛЕРДЕ ҚОНАҚТА

Ағымдағы жылдың 9 мамыры Петропавл қаласында Әскери институттың бастығы генерал-майор Бауыржан Әбжанов бастаған Ұлттық ұлан Әскери институтының әскери қызметшілері ҰОС ардагерлерін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады.
Ардагерлер үшін аулада шағын шеру ұйымдастырылды. Жеңіс батырларына алғыс хаттар, гүлдер, сыйлықтар мен азық-түлік пакеттері табысталды.
Әскери институттың әскери оркестрі тұрғын үйлердің аулаларында патриоттық композициялар мен соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Көрермендер соғыс жылдарындағы әндердің керемет орындалуына қуанышты көңіл бөліп, әйгілі «Жеңіс күні»әнін бірге шырқады.


Барлығы әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының 5 ардагерін құттықтады. Бұл Щеглов Федор Васильевич, Тищенко Александр Александрович, Семенов Никита Герасимович, Хмельницкий Павел Адамович және Сухомлинов Василий Иванович.
Өз сөзінде генерал-майор Бауыржан Әбжанов ардагерлерге бұл мереке – жер бетіндегі ең жарқын және қуанышты мереке екенін, ал халықты еске алу осы күнге дейін сол алыс соғыс жылдарының ауыр азабы сәттерін және кеңес сарбаздарының, тыл еңбеккерлерінің зор батылдықтарын сақтайтынын, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір, бақыт және ашық аспан, сондай-ақ оларды әрдайым жақындарына деген сүйіспеншілік, құрмет және қамқорлық тілейтінін атап өтті.
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 27 соғыс ардагері, 5333 тыл еңбеккері тұрады, оның ішінде 136 адам «соғыс кезіндегі ерен еңбегі үшін» наградталған.
Ардагерлер сол сұрапыл соғыста тынбай еңбектеніп, осы күнге дейін біздерге жан-жылуын сыйлағаны үшін әскери қызметшілерге шын шын жүректен алғыстарын білдірді. Өз кезегінде әскери қызметшілер ардагерлерге жер бетіндегі бейбітшілік жолындағы ерліктері, бүгінгі ұрпақтың бейбіт аспан астында өмір сүру құқығы үшін алғыс айтып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және рух сергектігін тіледі.

ҚР ҰҰ Әскери институтының баспасөз қызметі