БІЗДІҢ СПОРТШЫЛАР — БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ


2021 жылғы 13-16 сәуір аралығында Шымкент қаласында 6506 әскери бөлімінің базасында 1995 жылғы 7 сәуірде Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан 17 жауынгерге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының біріншілігінде қоян-қолтық ұрыс бойынша жеке-командалық жарыс өтті.
Жарыс адал және табанды күресте өтті, онда Әскери институттың курсанттары спорттық шеберліктің жоғары деңгейін және әскери ұжымның бірлігін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеке есепте 57 кг салмақ санатында курсант Мұратбек Бахтияр 2-ші орынды, 62 кг салмақ санатында курсант Мадияр Жұмағұлов 2-ші орынды, 67 кг салмақ санатында курсант Сауран Арапбай 2-ші орынды, 80 кг салмақ санатында курсант Ерден Нұрланұлы 3-ші орынды, 97 кг артық салмақ санатында сержант Исатай Макарамов 3-ші орынды иеленді. Сондай-ақ Әскери институттың екі курсанты жарыс чемпионы атанды: 73 кг және 88 кг салмақ дәрежелерінде курсант Дархан Дәулетов пен Балажон Гаимов чемпион атанды.
Командалық есепте I орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының құрама командасы иеленді. Екінші және үшінші орындарды «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының құрама командалары өзара бөлісті.
Ұлттық ұланның Әскери институты даңқты спорттық дәстүрге ие. Көптеген жылдар бойы әскери кадрлар ұстаханасының курсанттары мен офицерлері Қазақстан Республикасының чемпионаттарында және халықаралық деңгейдегі басқа да жарыстарда көшбасшы болып келеді.

ҚР ҰҰ Әскери институтының баспасөз қызметі