ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

Нұр-Сұлтан қаласында «Білім-Өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласы негізінде  «Білімді ұрпақ – тәуелсіздігіміздің тірегі» атты республикалық эссе байқауы өткізілді.

Аталмыш сайысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанттары қатысты. Сайыс 3 бағытта ұйымдастырылып өткізілді. 
Іс-шараның қорытындысы бойынша төмендегі курсанттар I дәрежелі дипломмен марапатталды:
-364 оқу тобының курсанты Айтикенов Е. Жетекшісі: кафедра бастығы капитан        А. Саркенқызы.
 -482 оқу тобының курсанты Жылкибаев Н.  Жетекшісі: кафедра бастығы капитан А. Саркенқызы.
-473 оқу тобының курсанты  Сапиев Б. Жетекшісі: подполковник К. Абилгаламова.
-474 «т» оқу тобының курсанты  Пернеқұл Ж.  Жетекшісі: подполковник К. Абилгаламова.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз!