Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

Ақпараттық хат

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы Әскери институтының тактика және жалпы әскери пәндер мен қару-жарақ және атыс кафедралары 2020 жылдың 26 ақпанында сіздерді «Ауған соғысы тәжірибесінің тактикалық іс-қимылдардың дамуына әсері» атты ғылыми-практикалық семинарға қатысуға шақырады.
Семинарда келесі бағыттар бойынша ғылыми талқылаулар жүргізу жоспалануда:
  1. 1979-89 жж. Ауғаныстан Демократиялық Республикасында болған қарулы қақтығыстарда Қарулы күштердің, басқа да әскерлердің және әскери құрылымдардың қолдану тәжірибесі.
  2. Антитеррорлық және арнайы операциялардың жүргізу барысындағы іс-қимылдардың тактикасы мен ату әдістерінің дамуы.
  3. Жауынгерлік тәжірибе арқасында әскери ЖОО курсанттарының білім алуын жақсарту
  4. Қазақстан Республикасының әскериқызметшілерінде өз Отанына деген патриотизм мен сүйіспеншілігінің құрылуындағы интернациолист-жауынгерлердің батыр мұрагерлігінің орны мен рөлі.
Жариялау мен қатысу шарттары:
Семинарға қатысудың және тақырыпты талқылаудың тікелей және сырттай түрлері ескеріледі.
Семинардың жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Қатысу үшін өтініш пен электронды нұсқада, үлгі бойынша өңделген баянаттар 2020 жылдың 20 ақпанына дейін қабылданады
Cеминар материалдары тегін жарияланады. Семинар қатысушылардың тіркелуі 2020 жылдың 26 ақпанында сағат 15.30 жүргізіледі.
Материалдарды келесі мекенжай бойынша жіберу қажет: 150009, Қазақстан Республикасы, Петропавл қ., Ж. Қизатов көшесі, 6 үй, тел. / факс: 8-7152-47-58-03, е-mail: vno@vivv.kz Үйлестіруші – подполковник Тюлеев Б.С. қару-жарақ және атыс кафедрасы. Файлды автордың тегімен атау керек.
Баянаттарды(мақалаларды) рәсімдеу бойынша талаптар:
Баяндаманың немесе мақаланың мәтіні А4 форматында орындалып, Word редакторында, 5 беттен аспауы керек, «TimesNewRoman» шрифті, шрифт өлшемі – 14 кегль, жол аралығы – 1,0 пт. Беттің жоғары жағында ортадан бас әріппен мақаланың атауы, автордың аты-жөні мен тегі, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы), әскери атағы жазылады. Жолдың ені бойынша түзетіліп, беттің жан-жағынан 25 мм қалдырылуы керек. Шегініс – 1,25 см.
Семинардың материалдары ISBN берілген жинақ ретінде басылып шығарылады. Баяндаманы (мақаланы) мұқият редакциялап, жоғарыда көрсетілген барлық талаптарды сақтап жіберулеріңізге назар аударамыз. Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған және рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін материалдар қаралмайды және басылмайды. Ұйымдастырушы комитет басқан кезде мақалаларды қорытынды редакциялауға құқықты.
Баяндаманы (мақаланы) рәсімдеу үлгісі
 
МАҚАЛАНЫҢ АТАУЫ
1 интервал
Аты-жөні. Тегі
Жұмыс орны (жоо, ұйым), ғылыми дәреже, ғылыми атақ,
әскери атақ, қала.
1 интервал
Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін [1, 123 иб.].
Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін [2, 300 б.].
1 интервал
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
           1. Тегі А.-Ж., Тегі А.-Ж. Кітаптың атауы. – Қала: Баспасөз, жыл. – Беттер саны.
           2. Тегі А.-Ж. Мақаланың атауы // Журналдың атауы. – Жыл. – №__ – Беттер саны.
 
Мәлімдеменің үлгісі
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушысының
МӘЛІМДЕМЕСІ
Тегі ________________________________________________________________________
Аты ______________________Әкесінің аты___________________________________
Ұйым _______________________________________________________________________
Ел, қала ___________________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы_______________________________________
Әскери атағы_____________________________________________________________
Байланыс телефондары _______________________________________________
E-mail ______________________________________________________________________
Баяндаманың тақырыбы________________________________________________
Қатысудың түрі (тікелей, сырттай)_____________________________________
Қонақ үйдің қажеттілігі (иә, жоқ)________________________________________
Кешкі ас-фуршет (иә, жоқ)_______________________________________________
Updated: 03.02.2020 — 10:07
© 2018 Frontier Theme