Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

Өз деңгейін арттырды

2015 жылдың 06-ы мен 18 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының базасында Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК кадрлық және тәрбие жұмыстарының қызметкерлері біліктілікті арттыру курсын өтті.

Тыңдаушылар тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды ұйымдастырумен танысты, жоспарлау әдісін меңгерді, қызметтік іс-әрекет машықтарын қалыптастырды, белсенділік пен өзін жетілдіруге тырысушылық танытты. Оқу бағдарламасы толық көлемде орындалды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институтының әскери педагогика және психология кафедрасының оқытушылары келесі: «Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс», «Әскери педагогика және психология», «Атыс өнеріне дайындық» пәндер бойынша сабақтарды жоғары әдістемелік деңгейде өткізді. Келесі: дәріс, топтық сабақ, нұсқамалық-әдістемелік сабақ, атыстан практикалық сабақ түрлері өткізілді. Негізінде, сабақты әскери педагогика және психология кафедрасының оқытушылары өткізді. Атыс өнеріне дайындық бойынша білім деңгейлерін тексеру мақсатында оқу атыс жаттығуын практикалық орындаумен сабақ өткізілді. Курстар өткізілген уақытта тыңдаушылар Петропавл қаласының көз тартарлық орындарымен танысты. Екі апталық курс аяқталғанда барлық тыңдаушыларға біліктілікті арттыру курсын аяқтау туралы куәлік берілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

Әскери институтының баспасөз хабарламасы

Updated: 24.04.2015 — 23:24

Добавить комментарий

© 2018 Frontier Theme