Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

Білім күніндегі ерлік сабағы

Елбасымыздың Қазақстан халқына деген «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауын іске асыру аясында, әскер қатарына алынғанға дейінгі жастармен ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу шеңберінде, 1-2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты «Патриотизм мен батылдық, бейбітшілік пен келісім сабағы» атты атаумен Петропавл қаласының № 9 мектебінде және музыкалық-эстетикалық деңгейінің дарынды балалары үшін өнер колледжінде ашық сабақтар өткізді.

Біздің ата-бабаларымыздың патриотизмі, батырлық тарихы туралы бірінші сабақ 1 қыркүйек күні осы оқу орнының директоры Болатбекова Сауле Қабиқызының және оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Никулина Ольга Васильевнаның жетекшілігімен № 9 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен өткізілді.

Әскери педагогика және психология кафедрасы бастығының орынбасары полковник Дүйсембек Ельжанов оқушыларға басқа адамдардың өмірлерін сақтап қалуға, өз өмірін қиюға дайын тұратын әскери қызметшілердің әскери кәсібінің мәні, оның басты өнегелі мағынасы туралы айтып берді. Оқушыларға қауіп төнген кезде батырлық пен қырағылық көрсеткен және батырлық пен кәсіптіліктің үлгісі болған Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жөнінде деректі фильмдер көрсетілді.

Өнер колледжінің 1- 4 курс оқушылары үшін екінші сабақты тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары бөлімінің офицері капитан Евгений Мартынов өткізді. Онымен бірге ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, патриотизм мен ерліктің нақты үлгісі – 4 курс курсанты кіші сержант Ербол Отарбаевта болды. Ұлттық ұланы жауынгерлерінің ерліктері туралы деректі фильмдерді көріп болғаннан кейін, балалар «қазіргі заманның батыры» Ерболмен суретке түсуді қажет етіп, одан автограф алды.

Ашық сабақтың мақсаты өсіп келе жатқан жеткіншектерге дейін олардың жас санасы арқылы, олардың Отанын олардан басқа ешкімнің қорғамайтындығын сана-сезімдеріне құю болып табылады. Еліміздің болашағы олардың әрбір әрекеттеріне байланысты екендігін жеткізу. Олар – жастар еліміздің процесінде болып жатқан қоғамның, мелекеттің саяси, экономикалық және мәдени өміріне ықпал ететін, болашақ қоғамды, мемлекетті құратын күш болып табылады.

ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының баспа қызметі

Іс-шараның фото және бейнематериалдары

 

Updated: 03.11.2014 — 20:05

Добавить комментарий

© 2018 Frontier Theme