Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

Отанға қызмет!

Петропавлда 6637 әскери бөліміне және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институына алынған жас толықтырушылардың Әскери ант қабылдауының салтанатты рәсімі өтті. Отанына берік қызмет ету сертін 181 әскери қызметші берді. Бұл маңызды күні ант қабылдаған бозбалаларды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады.

Бұл күні Жеңіс паркінде адамдар көп болды. Әскери қызметшілердің айтуынша: бұл жерде ант қабылдау өте маңызды жағдай. Өйткені, өткен жылдардың батырларын еске алып, әр сәтте Отанын қорғауға дайын болу – сарбаз үшін жай ғана сөз емес, – дейді.

Әскери қызметшілер алаң бойымен салтанатты шерумен өтті. Олар Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарынан келген бозбалалар. Олар бөлімнің штаттық бөлімшелерінде қызмет атқармақ, ал сарбаздардың бір тобы әскери мамандық алу үшін Алматы облысының оқу полкына екі айлық оқуға аттанады. Сондай-ақ, мерзімдік қызметтің әскери қызметшілерімен бірге материалдық үстелі бөлімшесінің бастығы Алтын Қазбекова да ант қабылдады.

Жас сарбаздарды өңір басшысы Ерік Сұлтанғазыұлы құттықтап, оларға өз борышын абыроймен және адалдықпен орындауға тілектестік білдірді.

Облысымыздың бірінші жетекшісі: «Ант қабылдау, біз үшін маңызды күн. Ол адам өмірінде бірақ рет болады және мәңгілік есте қалады. Барлық уақытта, біздің еліміздің Қарулы Күштері Қазақстанда бейбіт пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп, біздің қоғамның ажыратылмас бөлігі болып табылады!» – деп атап өтті.

Жас сарбаздар үшін бұл күн – ерекше толқитын күн. Әскери қызметші Арман Ярмухамедов: «Әскери қызмет адам мінезін шынықтырады деп сенеді. Отанына борышты болу – әр патриоттың міндеті!» – дейді жас сарбаз.

Сондай-ақ, жас сарбаздарды ата-аналар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері де құттықтады.

 Бұл іс-шараның фото және бейнематериалдары 

Updated: 11.08.2014 — 12:29

Добавить комментарий

© 2018 Frontier Theme