Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

Бақытым мен байлығым – Тілім менің

«Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. — дегендей, қазіргі таңда мемлекеттік тілдің заңды мәртебесін көтеру, маңызын және әскери қызметшілердің қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін білуге құштарлығын насихаттау, қадір-қасиетін әспеттеу, оқу-үйренуге деген ықыласын арттыру басты мәселенің бірі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Бас қолбасшысының 2013 жылғы 19 шілдедегі «Мемлекеттік тілді меңгерген жергілікті ұлт емес әскери қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқау-сайсын өткізу ережесі туралы» № 390 бұйрығы негізінде, 2014 жылдың 16 шілдесінде Әскери институтта мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқау-сайсының 2 кезеңі өткізілді.

Сайсымызға оқу процесін қамтамасыз ету батальоны автомобиль взводының командирі лейтенант Карпов Денис Игоревич, материалдық техникалық қамтамасыз ету ротасының пәтер мүліктерінің аға маманы сержант Дроздецкий Алексей Анатольевич, 4 оқу батальонының 7 оқу ротасы 722 оқу тобының курсанты қатардағы Кадацкий Павел Виталевич, 4 оқу батальонының 7 оқу ротасы 722 оқу тобының курсанты қатардағы Кенжайев Джамулудин Назарович, 4 оқу батальонының 8 оқу ротасы 812 оқу тобының курсанты қатардағы Борцов Максим Владимирович қатысты. Елорда төрінен арнайы келген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы Бас басқармасының тіл саясаты мен ақпарат бөлімінің аға офицері майор Сәкенов Шапай Қибатұлы да қатысып, тіл сайысына қатысқандарға сәттілік тіледі. «Бастау», «Өрлеу», «Баяндау» деп аталатын үш айналымнан тұратын сайысымыз басталды. «Өрлеу» айналымы сайысымыздың көрігін одан әрі қыздыра түсті. Қатысушының кез келгені бұл жарысқа кездейсоқ келмегенін көрсетті. Жиналған қауымның ризалықпен қолпаштаған шапалақ ұрыстары осының дәлелі болды. Оқу процесін қамтамасыз ету батальоны автомобиль взводының командирі лейтенант Карпов Денис пен материалдық техникалық қамтамасыз ету ротасының пәтер мүліктерінің аға маманы сержант Дроздецкий Алексей өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетті. Курсанттардың ішінен 4 оқу батальонының 7 оқу ротасы 722 оқу тобының курсанты қатардағы Кенжайев Джамулудин қорғады.

«Баяндау» барысында кімнің оқ бойы озып, шамасына шаң жұқтырмай дара шапқаны анық байқалды. Сонымен жарысқа төрелік жасаған әділқазылар алқасының шішімі бойынша бас жүлдені 88 ұпай жинаған 4 оқу батальонының 7 оқу ротасы 722 оқу тобының курсанты қатардағы Кадацкий Павел қанжысына байлады. Екінші орынды курсант қатардағы Кенжайев Джамулудин еншілесе, үшінші тұғырға курсант қатардағы Борцов Максим көтерілді.

Қайнар көзін тұнығынан алған тіл,

Елдестіріп елшілікке барған тіл.

Қазақ тілі – ана тілім, асылым,

Аманат боп бабалардан қалған тіл.

 Алашым деп ат үстіне қонған тіл,

Елге – ұран, ерге – намыс, қорған тіл.

Орхон менен Енисей боп тарихта,

Ескерткіш боп көк тастарда тұрған тіл,

— дегендей, бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетіп, осылай ұлты өзге болса да, Қазақстанды өз елім, Отаным деп санайтын азаматтарымыз жылдан жылға көбейе берсін демекпіз. Қазақ тілін екінші ана тіліндей құрметтеп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге өз үлестерін қосып отырғандары, бүгінгі көрсеткен ықыластарына рақмет айтып, алға бассын демекпіз!

 

Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары бөлімінің

(мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі) аға офицері

старшина Гүлшан Ибрагимова,

Әскери институт

 Бұл іс-шараның фото және бейнематериалдары 

Updated: 22.07.2014 — 23:02

Добавить комментарий

© 2018 Frontier Theme