Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

ӘСКЕРИ ИНСТИТУТТА ТӘҚЖ ТОБЫМЕН ОӘЖ ӨТТІ

1617-і мен 20 наурызы аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері әскери институтының және 6637 әскери бөлімінің базасында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің өңірлік қолбасшылықтың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары басқармасының бастықтарымен және әскери бөлім командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасарларымен оқу-әдістемелік жиыны өткізілді.

Оқу-әдістемелік жиынға 36 офицер қатысты, оқу-әдістемелік жиын кезінде 25 сабақ өткізілді. Жиынға қатысушылар «Ішкі әскерлердегі кәсіби дайындық: теорияны дамыту және тәжірибені жетілдіру» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға тікелей қатысты.

Кәсіби-лауазымдық дайындық жүйесінде бөлімдерде тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу бойынша басқраушы құжаттарды білу жөнінде сынақтар қабылданды. Жақсы нәтижелерді подполковниктер: Тоқтаров Б. С. («Орталық» ӨңҚ ББ), Сүлейменов А. Б. (6636 ә/б), Үкібаев А. Ж. (6505 ә/б), Амиров Г. Е. («Шығыс» ӨңҚ ББ), майорлар: Кульбаев Ж. Ж. (5451 ә/б), Туртаев А. К. (5518 ә/б), Икласов Е. Е. (5518 ә/б), Аденқұлов С. Т. (6679 ә/б), Пак В. О. (5512 ә/б), Соваровский А. А. (3477 ә/б), Тушибаев Т. Е. (3514 ә/б), капитандар: Балтабаев К. Е. (5510 ә/б), Жүсіпбеков М. А. (6697 ә/б), Нүкеш С. (6637 ә/б) көрсетті.

Дене шынықтыру дайындығы бойынша жақсы нәтижелерге майор Утеев В. З. (5513 ә/б), капитан Пак Е. Е. (5547 ә/б), капитан Жакупов Ж. К.(6699 ә/б) жетті. №1 және №2 еркін жаттығуларының кешенін орындауда «Шығыс» ӨңҚ жақсы болып танылды. Үлгілі қабырға газетіне байқау-конкурсы өткізілді. Бұнда жақсы нәтижелерге 1 орынға ие болған майор Пономаренко Е. М. (ӘИ БК ТӘҚЖ жөніндегі О), 2 орынға ие болған капитан Балтабаев К. Е. (5510 ә/б К ТӘҚЖ жөніндегі О), 3 орынға ие болған майор Соваровский А. А. (3477 ә/б К ТӘҚЖ жөніндегі О) жетті.

12Жиынға қатысушылар «2050 Стратегиясы – Қазақстан Республикасының дүниежүзіндегі 30 елдің қатарына енуінің стратегиялық курсы»; «Мәңгілік елдің ұлттық идеясы» — Қазақстанның тәуелсіз халқының идеологиясы»; «Экстремизмнің негізгі түрлері. Діни экстремизмнің әлемге қауіп-қатері, еліміздегі келісімділік пен тұрақтылық» атты тақырыптарында курсанттардың жеке құрамымен ақпараттандыру сағатын жүргізуге қатысты. ӘПжП кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамының және курсанттардың сын-пікірлері бойынша жақсы офицерлер-насихатшылар (үгітшілер) болып: полковник Саржанов Х. М. (5572 ә/б), подполковниктер Қасқаев Қ. Б. (5571 ә/б), Үкібаев А. Ж. (6505 ә/б), майорлар Белялов Р. Д. (6506 ә/б), Кульбаев Ж. Ж. (5451 ә/б), капитандар Балтабаев К. Е. (5510 ә/б), Жүсіпбеков М. А. (6697 ә/б) танылды.

Әскерлердің бөлімдері мен бөліністерінде тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды жетілдіру мақсатында, жиынға қатысушыларға жеке құраммен жұмыс жасау үшін бейнероликтер, әдістемелік құралдар және кепілдемелер берілді.

Материалды дайындаған

капитан Руслан Қайыркенов, Петропавл қ.

Сурет прапорщик Вячеслав Гельблингтікі

Бұл ісшараның фотоларын біздің галереямызда көре аласыздар →

Updated: 12.06.2014 — 01:55

Добавить комментарий

© 2018 Frontier Theme