Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

ҚР ішкі істер министрі Әскери институттың жеке құрамымен кездесті

72014 жылдың 19-20 ақпанында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі генерал-лейтенант Қ. Қасымов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді.

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы ақпараттық-насихаттау тобын бастап келді, оның құрамына: Қазақстан Республикасы өңірлік дамуының бірінші вице-министрі – Қайырбек Үскенбаев, Қазақстан Республикасының қаржылық вице-министрі – Берік Шолпанқұлов, Қазақстан Республикасының білім және ғылымының вице-министрі – Есенғазы Иманғалиұлы, Қазақстан Республикасы Әкімшілік Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Секретариатының меңгерушісі – Тұғжанов Ералы, сондай-ақ ҚР басқа да министрліктерінің жауапты хатшылары, комитет директорлары мен департамент директорлары болды.

Келу сапарының басты мақсаты Қазақстан Республикасының Перзиденті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына жолдауын облысымыздың халқына насихаттау және түсіндіру болатын.

Екінші жұмыс күні бірінші келу пункті Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің әскери институты болды, онда министр Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Руслан Жақсылықовтың және Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің бастығы полковник Ақан Қажкеновтың, сондай-ақ жергілікті бұқаралық ақпараттар құралдарының қатысуымен әскери-оқу орнының жеке құраыммен кездесті. Жолдауды түсіндіріп болғаннан соң Қалмұханбет Нұрмұханбетов Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарына, оның ішінде Ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне қатысты жаңа көзқарастар туралы айтып өтті. Содан соң институт офицерлерінің, профессорлық-оқытушылар құрамының және курсанттардың өзекті және көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Генерал-майор Руслан Фатихұлымен бірге олардың оппоненттерімен қойған барлық сұрақтарына толық жауаптар беріп, министр өзінің жұмыс бағдарламасының жоспарымен сәйкес, ҚР Ішкі істер министріне арнайы жазылған, облыстың алыс аудандарынан келген азаматтарды қабылдау үшін Солтүстік Қазақстан облысының «Нұр Отан» партиясының филиалына жүріп кетті.

Жұмыс күнінің соңында полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов өзінің тікелей бағынышты бөлімшелері – Солтүстік Қазақстан облысының ТЖБД (ДУИС) және ІІД кездесті.

ҚР ІІМ ІӘ әскери институтының баспасөз қызметі

Все фото данного мероприятия можно посмотреть в нашей Галерее →

Updated: 01.03.2014 — 17:28

Добавить комментарий

© 2018 Frontier Theme