Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

Беделді ауысым

2014 жылдың 12-нің 13-і ақпанына қараған түні Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері әскери институтының 4 курс курсанты қатардағы Собир Базарбаев өзінің өмірін тәуекелге байлап, күйіп жатқан үйден 2 топтағы мүгедек қария адамды алып шығады.

2014 жылдың 1-і мен 14 ақпаны аралығында 24 жастағы 4 курс курсанты қатардағы Собир Базарбаев кезекті қысқы демалыста болады. Демалысын Сәуле атты жұбайының, 3 ай болған Мансұр атты ұлының, сондай-ақ жұбайының ата-анасының ортасында Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын (бұрынғы Сергеев) ауданының Кривощенко поселкесінде өткізеді.

12-нің 13-і ақпанына қараған түні, сағат 02.00 шамасында Сочи қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының Чехия-Швеция хоккей мачын көреді, өйткені курсант Базарбаев Чехия командасының жанкүйері, Собир сүйікті командасының жеңіліп жатқанын көріп, қатты қобалжып, таза ауа жұтуға далаға шығады. Үйден шыққаннан соң ол түтін иісін сезеді, жан-жағына қарап, курсант С.Б. Базарбаев түтіннің бір көше бойында тұрған, бір үйден кейінгі көршілес үйден шығып жатқанын аңғарады. Ол күйіп жатқан үйде жалғыз басты қария адам тұратынын білетін, және оған 2010 жылы аяғына операция жасаған 2 топтағы мүгедек адам еді. Курсант С.Б. Базарбаев кідірместен күйіп жақтан үйге бағыт алып, ұялы телефоны арқылы 01 мен 03 қызметтерін шақырады.

Үйге жүгіріп келіп, курсант С.Б. Базарбаев жабылмаған есікке кіреді, онда оны күйік иісі басып, ол қайтадан сыртқа шығады. Жалын басқан үйге кіру мүмкін емес еді. Тапқырлық көрсетіп, курсант С.Б. Базарбаев спорттық шапкасын қармен сулап, өмірін тәуекелге тігіп, үйге қайта кіреді. Үйдегі бөлмелердің қалай орналасқанын білмей, курсант С.Б. Базарбаев сипап қарап жетеді. Бұл уақытта от үйдің барлық көлемін жаулап алған еді, курсант Б.С. Базарбаев әскери дағдыларын қолданып, үй ішінде жер бауырлап жылжып, тек ол үшінші бөлмеде ғана азамат Рүстемов Алексей Андреевичті табады, оның өздігімен қозғалуға мүмкіншілігі болмай, қатты ыңқылдап жатқанын байқайды. Курсант С.Б. Базарбаев азамат А. Рүстемовты алып, бүкіл үйдің бөлмелері арқылы бауырлап жылжып, оны үйден шығарады. Далаға шыққаннан кейін Собир азамат Алексей Андреевичті үйден алшақ жерге апарады, өйткені үйде газ баллон бар еді, содан соң зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Жедел медициналық қызмет көрсету бригадасы мен өрт командасының келулерін күтіп алғаннан кейін, курсант С.Б. Базарбаев өртті сөндіруге белсенді түрде кірісіп кетеді. Өрттің салдарынан (54 шаршы метрлі) үй толығымен жанып кетеді.

Қазіргі уақытта 61 жастағы Алексей Андреевичтің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, ол иіс газымен уланған еді, қазір ол Шал ақын ауданы ауруханасының терапиялық бөлімшесінде емделуде. Ал біздің батырымыз курсант Базарбаев қазіргі таңда Шымкент қаласының 6698 әскери бөлімінде әскери тағылымдаманы өтуде. Батырларымыздың өшпестігі, Таулы Карабах, Приднестровье, Закавказье ұрыс аймақтары, тәжік-ауған егестері және тағы басқалары арқылы өткен жауынгерлік офицерлеріміздің орнын басатын беделді аусымдардың өсіп келетіндері қуантарлық. Собирдің батыл ерлігі басқа курсанттар, мерзімдік қызметтің сарбаздары, сондай-ақ Ішкі әскердің басқа санаттағы әскери қызметшілері үшін үлгі болсын.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері әскери институтының курсанты қатардағы С. Базарбаев Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Бас қолбасшысының және Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша министрдің құқықтарымен наградтауға ұсынылып отыр.

Материалды дайындаған капитан Руслан Қайыркенов,

сурет Собирдің жұбайы – Сәуле Базарбаевпен ұсынылды,

Шал ақын – Петропавл – Шымкент.

 

 

2 оқу батальонының 3 оқу ротасы 312 оқу тобының курсанты қатардағы Базарбаев Собир Базарбайұлы (тылдық қамтамасыз етудің командалы-тактикалық мамандығы бойынша), 22.01.1990 ж.т., қазақ, үйленген, 3 айлық ұлын тәрбиелеуде. Өзбекстан Республикасы, Джизах облысы, Дустлик ауданы, Дустлик селосының тумасы. Қазір Петропавл қаласы, Бөкетов көшесі, 54 үй, 55 пәтерде тұрады. Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінде 2009 жылдан бастап. Ертеде 2009 жылы – 2 әскер қатарына алынып, 6679, 6654 және 5518 әскери бөлімдерінде радиотелеграфист лауазымында мерзімдік әскери қызметті өтеген.

Зардап шегуші: азамат Рүсметов Алексей Андреевич, 03.02.1951 ж.т., 2 топтағы мүгедек. Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданының Кривощеков поселкесі мекенжайы бойынша жалғыз тұрған. Шал ақынның орталық аудандық ауруханасында «Алкогольді мастық күйінде иіс газымен уланған» диагнозы қойылады, содан соң терапия бөлімшесіне жатқызылады. Жағдайы қанағаттанарлық.

Updated: 01.03.2014 — 17:09

Добавить комментарий

© 2018 Frontier Theme