Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

Біздікілер үнемі алдыңғы қатарда

Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің әскери-оқу орны әрқашан өзінің спорттық дәстүрлерімен даңққа ие болуда. Міне, осы жылдың ақпан айында өздерінің қоржындарын тағы да медальдарға толтырды.

0512014 жылдың 21-і мен 22-і ақпаны аралығында Павлодар қаласында спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің ХІІ спартакиадасы шеңберінде «самбо» күресі бойынша жеке-командалық біріншілік өтті. Жарысқа 5 команда (Орталық, Шығыс, Батыс, Оңтүстік ӨБҚ және әскери институт) қатысты. Жарыстың қорытындылары бойынша әскери институт 2 командалық орынға ие болды.

Жеке біріншілікте грамотамен және медальмен марапатталды:

62 кг. дейінгі салмақта 3 орынға ие болғаны үшін – курсант Бекітбаев Данияр;

3 орынға ие болғаны үшін – капитан Нүсіпов Мақсат;

82 кг. дейінгі салмақта 2 орынға ие болғаны үшін – курсант Абуов Манас;

90 кг. дейінгі салмақта 1 орынға ие болғаны үшін – аға лейтенант Хырыхбай Айбек;

90 кг. дейінгі салмақтан жоғары 1 орынға ие болғаны үшін – сержант Макарамов Исатай;

74 кг. дейінгі салмақта 1 орынға ие болғаны үшін – курсант Бейсеналиев Қуанышбек.

Әскери институттың құрама командасы 2 командалық орынды иеленгені үшінграмотамен, Кубокпен және бағалы сылйықпен (музыкалық орталықпен) марапатталды.

Сондай-ақ, 3014 жылдың 19-ы мен 20-ы ақпаны аралығында Петропавл қаласында «ДИНАМО» дене шынықтыру-спорттық қоғамының күштер құрылымдары арасында «самбо» күресі бойынша жарыс өтті. Курсанттар құрамынан құрылған әскери институттың құрама командасының екінші құрамы 1 командалық орынға ие болды.

Жеке біріншілікте грамотамен марапатталды:

осы салмақта 2 орынға ие болғаны үшін – курсант Тельман Нұркелді;

57 кг. дейінгі салмақта 1 орынға ие болғаны үшін – курсант Айып Нұржан, ол көрсеткен күрестің жақсы техникасы үшін грамотамен және Кубокпен марапатталды;

68 кг. дейінгі салмақта 1 орынға ие болғаны үшін – курсант Әдіқанов Қайнар;

90 кг. дейінгі салмақта 1 орынға ие болғаны үшін – курсант Даулет Дархан;

74 кг. дейінгі салмақта 1 орынға ие болғаны үшін – қатардағы Сагидолданов Ернар.

Осы жарыстың қорытындылары бойынша 1 командалық орынға ие болғаны үшін әскери институт грамотамен және Кубокпен марапатталды.

2014 жылдың 6-ы мен 16 ақпаны аралығында Шымкент қаласында ауыр атлетика бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 160 қатысушылардың арасынан 1 оқу ротасының курсанты Зайнулдин Мақсат 118 кг. жұлқи көтеріп және 92 кг. лақтырып, екі сайыста 210 кг. ұпай жинап және СШК нормативін орындап, 3 құрмет орнына ие болды.

Барлық қатысушылардың жоғарыда көрсетілген жарыстардан келгенінен кейін осы жылдың 26 ақпанында әскери институттың қолбасшылғы мен ардагерлер Кеңесі саптық плацта әскери-оқу орнының барлық жеке құрамының қатысуымен спортшыларды құттықтады. Спортшылар ӘИ штаб бастығы подполковгник Е. А. Логиннен, ӘИ ардагерлер Кеңесінің төрағасы запастағы полковник А.А. Салықовтан және ӘИ ардагері, жауынгер-интернационалист, кезінде әскердің дене шынықтыру дайындығы мен спорт қызметін басқарған запастағы полковник Б. А. Досжановтан құттықтау сөздерін, сондай-ақ қол шапалағының қошеметтерін алғаннан кейін әскери институтының құқығымен мерзімінен бұрын қысқа мерзімді демалысқа кетті. Өйткені алда тағы да жиындар мен кезекті жарыстарға дайындық тұр.

Все фото награждения можно посмотреть в нашей Галерее →

Updated: 01.03.2014 — 17:00

Добавить комментарий

© 2018 Frontier Theme