Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты

Рубрика: Жаңалықтар

Әскери институтта медицина қызметінің бастықтарымен және эпидемиологтарымен жиын өтті

2014 жылдың 4-і мен 7 ақпаны аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің әскери институтында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері өңірлік қолбасшылығының, бригадаларының, бөлімдерінің және әскери институттың медицина қызметінің бастықтарымен және аға дәрігер-эпидемиологтармен оқу-әдістемелік жиыны өтуде.
Жиынның мақсаты басшылықтың барлық деңгейінде медициналық қамтамасыз етілу нәтижелілігін үнемі арттыру, басшылыққа алу процесінде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін барлық жерде […]

Сенатролардың Әскери институтқа келулері

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің күнін тойлау қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарларымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары – халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитет төрағасы Икрам Адырбеков және «халық қаҺарманы» наградасының иегері, армия генералы Мұхтар Алтынбеков келді. Мәртебелі қонақтар өңір басшысы Самат Ескендіровпен бірге Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің әскери институтына келді.
Әскери институт бастығының […]

Жақсыларды құрметтеу кеші

Қазақстан Республикасы ІІМ ІӘ Бас қолбасшылығынан Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің әскери институтына жұмыс сапарымен Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары полковник Сатов Мұхаметқали Құсаинов келді.
Астананың мәртебелі қонағының келуінің басты мақсаты – ағымдағы жылдың 19 қарашасында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері әскери институтының клубында өткен, 2013 жылғы оқудың жазғы кезеңі үшін […]

Мықтылар жеңіп шықты!

2013 жылдың 17 қарашасы құқық тәртіп әскерінің әскери-оқу орнында Қазақстан Республика- сының тұңғыш Президенті күніне арналған, самбо күресі бойынша әскери институт біріншілігі болып өтті.
Жарысқа алты салмақ санатында 59 адам қатысты, сондай-ақ қазақстандық спортшылармен қатар Тәжік өкілдерінің спортшылары да қатысты, оны мини-халықаралық турнир немесе серіктестік кездесу деп те айтуға болады.  Егер футбол тіліне көшетін болсақ, онда […]

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Петропавл гарнизонының Әскери прокуратурасымен өткізген «Шенеунік және кәсіпкер» акциясы шеңберінде 2013 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Әскери институтында алғашқы рет өткізілген семинардың тақырыбы осылай аталады.
Бизнесті жүргізудің өзекті тақырыбын салық басқармасының, құқық статистикасы мен арнайы есеп беру басқармасының, өртке қарсы сақтық қызметінің, санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық бақылаудың қызметкерлері, аймақтық палатаның кәсіпкерлері талқылады, сондай-ақ Петропавл […]

«Жас қанатта» Петропавлда өтті

2013 жылдың 31 қазанында Н. Погодин атындағы драма театрында «Жас қанат» эстрадалық әндердің жас орындаушылары арасында облыстық байқау өтті.
Байқаудың басты мақсаты жаңа таланттарды іздеу болып табылады. Өздерінің вокалдық қабілеттерімен жалт ету үшін Петропавлға облысымыздың әр ауданынан 19 жеке орындаушы және үш топ келді.
Қатысушылардың ішінде біздің әскери қызметші: 1 курс курсанты қатардағы Тәжібаев Айбол да болды, […]

Әскери фармацевт мамандығы

Дәл, дәріханадағы сияқты! Кез келген істегі абсолюттік дәлдікті белгілейтін, қалыптасқан сөз! Дәріхана сөзі немістің «аpotheker» — дәрі-дәрмек аясындағы маман сөзінен шыққан. Оларды заманауй медицинада фармацевтер деп атайды.
2013 жылдың 23-25 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Әскери институтының базасында Ішкі әскер құрамаларының, бөлімдерінің және Әскери институттың дәріхана бастықтарымен оқу-әдістемелік жиыны өткізілген болатын.
Жиынның бірінші күні өте […]

Ерлікке ерлік ұқсамайды

2013 жылдың 24 қыркүйегінде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университетінің акт залында «Дін және патриотизм» тақырыбына республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Осы іс-шара СҚО әкімшілігімен бірге дін ісі бойынша Қазақстан Республикасының агенттігімен ұйымдастырылған болатын, оған облыстың орталық және жергілікті органдарының, әкімшіліктердің өкілдері, діни, қоғамдық және жастар ұйымдарының жетекшілері, ғалымдар, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ көш басшылары, жоғары […]

Әскери институт шетелдік түлектерді түлетті!

2013 жылғы маусымның 15-і күні Петропавлдағы Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Әскери институтының тарихында тұңғыш рет офицерлердің халықаралық шығарылымы орын алды. Салтанатты сәтте қазақ елінің түлектерімен бірге әскери оқу орнында білім алған көршілес Қырғызстанның сегіз және Тәжікстан Республикасының он өкілі алғашқы офицерлік «лейтенант» шенін иеленіп, офицер атанды. Биылғы шығарылымның тағы бір ерекшелігі – түлектердің саны […]

Әскери кернейді әуелеткен әскери оркестрлер

2013 жылғы сәуірдің 25-і мен 27-сі аралығында елорда – Астана қаласында әскери оркестрлер арасында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Басқолбасшысының жүлдесі үшін екінші «Әскери керней» байқауының ақтық сайысы өтті. Астананың 15 жылдығына арналған байқауға орталық оркестрді қоса Ішкі әскерлердің тоғыз өнер ұжымы мен Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің бірлескен оркестрі қатысты.
Байқау талабына сай әскери оркестрлер […]

Әскери әуендерді әуелеткен оркеcтрлер байқауы әсерлі болды

Үстіміздегі жылғы сәуірдің 3-і күні Ішкі әскерлердің Әскери институтында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының жүлдесі үшін әскери оркестрлер арасындағы екінші «Әскери керней» байқауының бірінші кезеңі өтті. Солтүстік аймақтық сайыста 6637 (Петропавл қаласы), 6697 (Қостанай қаласы) және Әскери институттың әскери оркестрлері бақ таластырды. Әскери әуендерді әуелеткен оркестрлер жиналған қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады.
Аталмыш байқаулар оркестрлердің […]

Қырықбайдың кезекті жеңісі

Жақында еліміздің бас қаласы Астанада қоян-қолтық ұрыстан Республикалық Ұлан Қолбасшысының Кубогі үшін жарыс 11-ші мәрте өз жалауын көтерді. Қазақстанның күш құрылымдары қызметкерлері арасында өткен турнир кілең мықтылардың басын қосты. Ішкі әскерлер құрамасы сапында өнер көрсеткен Әскери институттың сайыпқыраны лейтенант Айбек Қырықбай өз салмағында топ жарып, алтыннан алқа тағынды.
Қоян-қолтық ұрыстан Ұлан Қолбасшысының жарысы жыл сайын […]

Институт барысы – Қуаныш Бейсенәлиев!

Барша қазақ жұрты ел арналарынан байрақты бәсеке — қазақ күресінен өткен «Қазақстан барысы» атты республика чемпионатын тамашалап, балуандардың жан алысып, жан беріскен белдесулеріне тәнті болған еді. Тартысты сайыста Ішкі әскерлер Әскери институтының жауынгері Айбек Хырыхбай өнер көрсетіп, талайдың таңдайын қақтырған болатын. Дәл осындай жарыс Әскери институт бастығы полковник Жұмабек Ахметовтың бастамасымен демалыс күндері әскери оқу […]

Әскери білім берудің басымдықтары әңгіме арқауына айналды

2013 жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Әскери институтында оқу орны күніне орай ««Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру – әскери білім берудің басымдықтары» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Оның жұмысына қатысуға барлығы 183 өтінім келіп түсті. Конференцияға Ресей Федерациясы, Украина, Белоруссия ғалымдары, ІІМ ІӘ Комитетінің, Қазақстан Республикасының әскери және басқа да ЖОО-ы мен ұйымдарының […]

Ішкі әскерлер курсанттары шаңғы сайысы мен Президенттік көпсайыста үздік нәтиже көрсетті

Ішкі әскерлер Әскери институтының курсанттары әскери оқу орындары тәрбиеленушілері арасындағы Қазақстан Республикасы ҚМ Қарулы Күштерінің 2-ші спартакиадасында жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Үстіміздегі жылғы ақпанның 26-сы мен наурыздың 2-сі аралығында құрама Щучье қаласында Президенттік көпсайыс пен шаңғы спортынан өткен жарыстарда тағы да үздіктер қатарынан орын алды.
Жалпы алғанда сайысқа барлығы алты команда қатысты. Құрлық әскерлерінің Әскери институты, […]

© 2018 Frontier Theme